https://sputnik.kz/20251217/astyq-eksporttaushylar-onimdi-erte-zhoneltse-2026-zhyly-subsidiya-alady--59644084.html
Астық экспорттаушылар жаңа өнімді ерте жөнелтсе, 2026 жылы субсидия алады
Астық экспорттаушылар жаңа өнімді ерте жөнелтсе, 2026 жылы субсидия алады
Sputnik Қазақстан
Келер жылы астық тасымалын қолдауға 30 млрд теңгеден астам қаржы бөлінбек 17.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-17T08:01+0500
2025-12-17T08:01+0500
2025-12-17T08:06+0500
астық
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/11/59642208_0:108:1079:714_1920x0_80_0_0_099135b3c591366bc2d02a437c615924.jpg
АСТАНА, 17 желтоқсан - Sputnik. Астық экспорттаушылар биылдан бастап жаңа өнімнен жиналған бидайды шетелге жөнелте алады. Бұл 2026 жылдың басында көлік шығындарының бір бөлігін мемлекеттен субсидия ретінде қайтарып алуға мүмкіндік береді, дейді ауылшаруашылығы министрлігі.Келесі жылы астық тасымалын қолдауға 30 млрд теңгеден астам қаржы бөлінбек.2024 жылы Қазақстанда астық пен майлы дақылдардан өте мол өнім алынды. Ал Орталық Азия нарықтарының мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, астық артық жиналып, ішкі нарықта бағаға қысым түсті. 2024 жылдың соңында жоғары бәсекелстік пен өткізудің шектеулігі салдарынан астық бағасы төмендеді.Осы жағдайды реттеу үшін Үкімет астық экспортындағы көлік шығындарын субсидиялау бағдарламасын іске қосты. Нәтижесінде астық сатылатын елдер көбейіп, тасымал көлемі артты.2025 жылдың 11 айында теміржол арқылы астық тасымалы:Экспорттың ұлғаюы ішкі нарыққа жақсы әсер етті, яғни, баға тұрақталды, арзанға сатудың (демпинг) қаупі азайды, логистика, қайта өңдеу және сервистік салалар дамыды.2025 жылдың 11 айында барлығы 12,6 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 34%-ға көп. Оның 9,7 млн тоннасы экспортқа шығарылды.Ал 2025–2026 маркетингтік жылдың алғашқы үш айында (қыркүйек–қараша) 4,4 млн тонна астық тасымалданып, экспорт 3,4 млн тоннаға жетті.2025 жылдың желтоқсанында ішкі нарықтағы бидай бағасы 2024 жылмен салыстырғанда 40–50%-ға жоғары болды. Бір тоннаға 40 АҚШ доллары көлеміндегі көлік субсидиясы шаруаларға табысты сақтауға, қазақстандық бидайдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Еуропа, Африка, Таяу Шығыс пен Орталық Азия нарықтарында орнын нығайтуға ықпал етеді.
https://sputnik.kz/20251115/qazaqstannyn-astyq-eksportynan-tusken-kirisi-22-mlrd-dollardy-qurady-58809464.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/11/59642208_8:0:968:720_1920x0_80_0_0_1e601fdde138a66d78ebf13e0ef55d2a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық
Астық экспорттаушылар жаңа өнімді ерте жөнелтсе, 2026 жылы субсидия алады
08:01 17.12.2025 (жаңартылды: 08:06 17.12.2025) Келер жылы астық тасымалын қолдауға 30 млрд теңгеден астам қаржы бөлінбек
АСТАНА, 17 желтоқсан - Sputnik. Астық экспорттаушылар биылдан бастап жаңа өнімнен жиналған бидайды шетелге жөнелте алады. Бұл 2026 жылдың басында көлік шығындарының бір бөлігін мемлекеттен субсидия ретінде қайтарып алуға мүмкіндік береді, дейді
ауылшаруашылығы министрлігі. Келесі жылы астық тасымалын қолдауға 30 млрд теңгеден астам қаржы бөлінбек.
"Астықты кейбір нарықтарға жеткізу 30 күнге дейін созылады. Сондықтан экспорттаушыларға жөнелтуді алдын ала бастау ұсынылады. Субсидия алу үшін ең басты талап – астықтың 2026 жылы нақты жеткізілгенін дәлелдейтін құжаттардың болуы", - дейді министрлік.
2024 жылы Қазақстанда астық пен майлы дақылдардан өте мол өнім алынды. Ал Орталық Азия нарықтарының мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, астық артық жиналып, ішкі нарықта бағаға қысым түсті. 2024 жылдың соңында жоғары бәсекелстік пен өткізудің шектеулігі салдарынан астық бағасы төмендеді.
Осы жағдайды реттеу үшін Үкімет астық экспортындағы көлік шығындарын субсидиялау бағдарламасын іске қосты. Нәтижесінде астық сатылатын елдер көбейіп, тасымал көлемі артты.
2025 жылдың 11 айында теміржол арқылы астық тасымалы:
Қара теңіз порттарына – 2,5 есе,
Ресейдің Балтық теңізі порттарына – шамамен 3 есе,
Экспорттың ұлғаюы ішкі нарыққа жақсы әсер етті, яғни, баға тұрақталды, арзанға сатудың (демпинг) қаупі азайды, логистика, қайта өңдеу және сервистік салалар дамыды.
"Биыл да шаруалар мол өнім алды, әрі өткен жылдан қалған астық қоры сақталды. Бағдарламаның тиімділігін ескеріп, Үкімет 2026 жылы да экспорттаушылар мен астық өндірушілерді қолдауды жалғастырады", - делінген хабарламада.
2025 жылдың 11 айында барлығы 12,6 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 34%-ға көп. Оның 9,7 млн тоннасы экспортқа шығарылды.
Ал 2025–2026 маркетингтік жылдың алғашқы үш айында (қыркүйек–қараша) 4,4 млн тонна астық тасымалданып, экспорт 3,4 млн тоннаға жетті.
2025 жылдың желтоқсанында ішкі нарықтағы бидай бағасы 2024 жылмен салыстырғанда 40–50%-ға жоғары болды. Бір тоннаға 40 АҚШ доллары көлеміндегі көлік субсидиясы шаруаларға табысты сақтауға, қазақстандық бидайдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Еуропа, Африка, Таяу Шығыс пен Орталық Азия нарықтарында орнын нығайтуға ықпал етеді.