Алматыда ұшақта шетелдік төрт азамат төбелес шығарған

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыда ұшақта шетелдік төрт азамат төбелес шығарған
Алматыда ұшақта шетелдік төрт азамат төбелес шығарған - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2025
Жазылу
Оқиға "Алматы – Бангкок" бағытындағы әуе рейсінде болған
АЛМАТЫ, 17 желтоқсан - Sputnik. Алматыда әуе рейсінің бортында шетелдіктер төбелес шығарды, деп хабарлайды көліктегі полиция департаменті.
Шетелдік 4 азамат "Алматы – Бангкок" бағытындағы әуе рейсінде төбелес шығарған.
"Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері акті бойынша шет елдік төрт азаматты түсірді. Олардың екеуі алкогольдік масаң күйде болған. Өзара жанжал туындап, оның соңы төбелеске ұласқан", - дейді ведомство.
Әуе кемесінің бортында бұзақылық әрекеттер жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Құқық бұзушылардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Air Astana ұшағынан түтін шығып, шұғыл қонуға мәжбүр болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2025
Air Astana ұшағынан түтін шығып, шұғыл қонуға мәжбүр болды
Жаңалықтар
0