https://sputnik.kz/20251216/toqaev-qazaqstandyqtardy-tauelsizdik-kunimen-quttyqtady-59627224.html
"Бірлігімізді сақтауымыз керек": Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
"Бірлігімізді сақтауымыз керек": Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 желтоқсан - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. 16.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-16T09:33+0500
2025-12-16T09:33+0500
2025-12-16T09:43+0500
қасым-жомарт тоқаев
тәуелсіздік күні
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/1f/58344515_0:43:1280:763_1920x0_80_0_0_f9faeaea13a3fff9a65b971c07fa710b.jpg
АСТАНА, 16 желтоқсан - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. "Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша. Осы күні халқымыз Қазақстанды егемен ел ретінде дамыту жолында ерікті әрі түпкілікті таңдау жасады. Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Біз бабалар рухына тағзым етіп, өскелең ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, осы ұстанымға адал боламыз", - деді Тоқаев.Оның айтуынша, азаматтардың ырысты ынтымағының, өзара қолдауының және жасампаз еңбегінің, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің арқасында Қазақстан Тәуелсіздікті нығайту ісінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. "Қазір жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың нәтижесінде зор табысқа жетеміз деп сенемін. Жан-жақты жаңғыруға бағытталған стратегиялық бағдарымыздан ауытқымай, Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз. Баршаңызға мол бақыт, бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Қастерлі Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!", - деді Тоқаев.
https://sputnik.kz/20251216/qazaqstan-khalqy-tauelsizdik-kunin-atap-otip-zhatyr-59622614.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/1f/58344515_38:0:1242:903_1920x0_80_0_0_cdd6055856be8e39af0dbd62ac61f3bd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, тәуелсіздік күні
қасым-жомарт тоқаев, тәуелсіздік күні
"Бірлігімізді сақтауымыз керек": Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
09:33 16.12.2025 (жаңартылды: 09:43 16.12.2025) АСТАНА, 16 желтоқсан - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
"Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша. Осы күні халқымыз Қазақстанды егемен ел ретінде дамыту жолында ерікті әрі түпкілікті таңдау жасады. Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Біз бабалар рухына тағзым етіп, өскелең ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, осы ұстанымға адал боламыз", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, азаматтардың ырысты ынтымағының, өзара қолдауының және жасампаз еңбегінің, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің арқасында Қазақстан Тәуелсіздікті нығайту ісінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді.
"Қазір бүкіл әлем жылдам өзгеріп жатыр. Түрлі сынақтармен қатар, тың мүмкіндіктерге толы жаңа тарихи дәуір басталды. Мұндай жағдайда біз жас және озық ойлы ұлт ретінде болашаққа зор үмітпен және нық сеніммен қарап, берекелі бірлігімізді сақтауымыз керек. Еліміздің жаһандық деңгейдегі беделі мен бәсекеге қабілетін арттырып, Қазақстанды көркейген мемлекет ретінде дамыту үшін аянбай еңбек етуіміз қажет", - делінген президенттің құттықтауында.
"Қазір жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың нәтижесінде зор табысқа жетеміз деп сенемін. Жан-жақты жаңғыруға бағытталған стратегиялық бағдарымыздан ауытқымай, Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз. Баршаңызға мол бақыт, бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Қастерлі Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!", - деді Тоқаев.