https://sputnik.kz/20251216/astanada-keleshek-mektepteri-sany-rekordty-korsetkishke-zhetti-59635010.html
Астанада "Келешек мектептері" саны рекордты көрсеткішке жетті
Астанада "Келешек мектептері" саны рекордты көрсеткішке жетті
Sputnik Қазақстан
Биылғы оқу жылында 23 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген 16.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-16T13:50+0500
2025-12-16T13:50+0500
2025-12-16T13:50+0500
астана
мектеп
әкімдік
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1e/56712503_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_9ef194011bb6b1be619119029a602d8a.jpg
АЛМАТЫ, 16 желтоқсан - Sputnik. Астанада 2024-2025 жылдары екі ауысымда оқытуға арналған жалпы сыйымдылығы 84 800 оқушы орнын құрайтын 23 мектептің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.2024 жылы екі ауысымда 56 800 оқушыға арналған 16 заманауи жайлы мектептің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде 6 мектепте үш ауысымды оқыту мәселесін толық шешуге, сондай-ақ 9 білім беру ұйымындағы оқушы тығыздығын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда бұл мектептердің барлығында оқу үдерісі штаттық режимде жүргізіліп жатыр.Салынған және салынып жатқан мектептердің басым бөлігі халық саны қарқынды өсіп келе жатқан Есіл және Нұра аудандарында орналасқан. Бұл шешім жаңа тұрғын үй кешендерінде тұратын балаларды білім беру ұйымдарымен уақытылы қамтуға мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20250911/keleshek-mektepteri-qay-onirde-kop-salyndy-56979246.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1e/56712503_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_39cbb92129fdac47ee434c1809266aa9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, мектеп, әкімдік
Астанада "Келешек мектептері" саны рекордты көрсеткішке жетті
Биылғы оқу жылында 23 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген
АЛМАТЫ, 16 желтоқсан - Sputnik. Астанада 2024-2025 жылдары екі ауысымда оқытуға арналған жалпы сыйымдылығы 84 800 оқушы орнын құрайтын 23 мектептің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
2024 жылы екі ауысымда 56 800 оқушыға арналған 16 заманауи жайлы мектептің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде 6 мектепте үш ауысымды оқыту мәселесін толық шешуге, сондай-ақ 9 білім беру ұйымындағы оқушы тығыздығын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.
Қазіргі таңда бұл мектептердің барлығында оқу үдерісі штаттық режимде жүргізіліп жатыр.
"Биыл екі ауысымда 28 000 оқушы орнын қамтитын тағы 7 мектеп пайдалануға берілді. Осының арқасында 2 мектептегі үш ауысымды оқыту толық жойылып, 7 мектептегі оқушы тығыздығы төмендейтін болады", - дейді әкімдік.
Салынған және салынып жатқан мектептердің басым бөлігі халық саны қарқынды өсіп келе жатқан Есіл және Нұра аудандарында орналасқан. Бұл шешім жаңа тұрғын үй кешендерінде тұратын балаларды білім беру ұйымдарымен уақытылы қамтуға мүмкіндік береді.