"Астана-Щучинск" тас жолы 17 желтоқсанға дейін жабылды

© Sputnik / Стрингер"Астана-Щучинск" тас жолы 17 желтоқсанға дейін жабылды
Астана-Щучинск тас жолы 17 желтоқсанға дейін жабылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.12.2025
Жазылу
Жүздеген көлік жолда қолайлы ауа райын күтуге мәжбүр
АСТАНА, 16 желтоқсан - Sputnik. Тәуелсіздік күні мерекесін қала сыртында өткізбек болған Астана тұрғындары мен қонақтары ауа-райы қолайсыздығына байланысты, сапарларын ертеңге қалдыруға мәжбүр.

Ең танымал "Астана-Щучинск" жолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАвоЖол.
"16 желтоқсанда Ақмола облысында ауа-райының нашарлауына байланысты "Астана – Көкшетау-Петропавл" автожолының 18-232-ші километр учаскесінде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Жол 17 желтоқсан сағат 08:00-де ашылады деп болжанып отыр", - делінген хабарламада.
Көлік жолдарының ұлттық операторы бір күн бұрын 15 желтоқсанда жолшылар полициямен бірге 7000-нан астам көлікті бастап жүргенін хабарлады.
Ал ТЖМ қыстың басынан бастап жолдарда қар құрсауынан 1137 адам құтқарылғанын, оның 129-ы балалар болған. Сондай-ақ 199 бірлік техника шығарылғанын айтты.
Зимняя трасса - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2025
Бірнеше облыста жолдар жабылды
Жаңалықтар
0