Ақмола облысында құтқарушылар 6 адамды қар құрсауынан алып шықты

© Photo : ДЧС ВКОСнежный занос
Снежный занос - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.12.2025
Жазылу
АСТАНА, 16 желтоқсан - Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қар құрсауында қалып қойған 6 адамды құтқарды.
Ақмола облысының Жарқайың ауданында қар құрсауында қалған тұрғындарға құтқарушылардың көмегі қажет болған.
Жеңіл автокөлік жолаушыларымен бірге Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласы бағытында келе жатып, жолдан шығып кеткен. Салдарынан азаматтар адасып, әрі қарай қозғалысты жалғастыра алмады.
Оқиға орнына келген құтқарушылар адамдарды эвакуациялап, оларды жылыту пунктіне орналастырды.
ТЖМ қысқы кезеңде жолға шыққанда қауіпсіздік шараларын сақтауға және жолдардағы қолайсыз ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.
Алматыдағы қар - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2025
Алматыда бір түнде айлық нормаға жуық қар жауды
Жаңалықтар
0