https://sputnik.kz/20251215/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-15-zheltoqsan-59564041.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 15 желтоқсан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 15 желтоқсан
Sputnik Қазақстан
15 желтоқсан күні не болғанын білесіз бе? 15.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-15T00:01+0500
2025-12-15T00:01+0500
2025-12-15T00:01+0500
дерекқор
https://sputnik.kz/img/844/73/8447396_0:25:2500:1431_1920x0_80_0_0_6e79e9bed0633d4071b9fddec26c31fc.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.15 қараша күні қандай қызықты оқиғалар болдыБүгін — Халықаралық шай күні. Әлемдегі ең танымал сусынның құрметіне арналған мерекені алғаш рет 2005 жылы атап өткен болатын. Оның мақсаты — тек қана бұл сусынның танымалдылығын арттыру ғана емес, сонымен қатар қоғамның назарын шай индустриясындағы өзекті мәселелерге аудару. Ауқымды шаралар негізінен Үндістан мен Шри-Ланкада өтетін болған. Кейін бұл екеуін Индонезия, Кения, Уганда және т.б. мемлекеттер толықтырды. Бұл күні жұрт дастархан басында жиналып шай ішіп, би билеп, ән салады.Сондай-ақ, бүгін Ресейде кәсіби міндеттерін атқарып жүріп көз жұмған журналистерді еске алу күні. Ол Ресей журналистер одағының бастамасымен 1991 жылдан бері аталып өтіп келеді. Кей журналисті өлтірген қылмыскерлер әлі күнге дейін бостандықта жүр. Мысалы, Дмитрий Холодов пен Владислав Листьевтің кімнің қолынан қаза тапқаны әлі де белгісіз. Мұнымен қатар бүгін эсперанто тілін сүйер қауымның Заменгоф күні деп аталатын мерекесі. Бұл мереке тілді шығарған Людвиг Заменгофтың туған күніне орай күнтізбеге енгізілген. Мереке ресми болмаса да, 1920 жылдан бері аталып өтіп келеді. Мақсаты — эсперанто тілінің танымалдылығын арттыру. Бүгінде эсперанто тілі — жасанды тілдердің ішіндегі ең танымалының бірі. Оны көптеген мемлекет қолданады. Тіл авторы Людвиг Заменгоф тілді оңай меңгеруге көмектесетін лингвистика жүйесін ойлап тапқан. Статистикалық мәліметтер бойынша, бүгінгі таңда 2 миллион адам осы тілде сөйлеп жүр. Бұл жасанды тілде кітаптар мен журналдар шығарылады.15 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар1821 жылы Франция географиялық қоғамы құрылды;1840 - Наполеон Бонапарттың күлі Парижге салтанатты түрде қайтарылды;1964 жылы Канадада үйеңкі жапырағы бейнеленген мемлекеттік ту қабылданды;1966 жылы астроном Одуэн Дольфюс Сатурнның серігі Янусты ашты;1984 – Вега-1 автоматты планетааралық станциясы іске қосылды.15 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1951 жылы – Алматы геофизикалық обсерваториясының базасында республиканың мал шаруашылығын және оның жем-шөп базасын гидрометеорологиялық қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты құрылды, кейіннен "Жасыл даму" АҚ болып қайта құрылды;1999 жылы – Қазақстанда алғаш рет Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы бекітілді.15 желтоқсанда әлемде дүниеге келген танымал адамдар37 жылы римдік император Нерон дүниеге келді. Ол 54 жылдың 13 қазанынан бастап таққа отырған;1907 жылы құрылыс, архитектура саласындағы ғылыми қайраткер, Останкино телемұнарасының авторы, техника ғылымдарының докторы Николай Никитин дүниеге келді;1942 жылы ресейлік және кеңестік әнші Екатерина Шаврина туды. Ол Ресей Федерациясының халық әртісі.15 желтоқсанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді1929 жылы суретші, Қазақстан халық суретшісі, Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері Гүлфайруз Ысмаилова туды;1950 жылы қазақстандық саясаткер, бұрынғы мемлекеттік хатшы және премьер-министр орынбасары, Алматы қаласының экс-әкімі Ахметжан Есімов өмірге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/844/73/8447396_280:0:2220:1455_1920x0_80_0_0_ff486a4c6ef2551847eec050285bdd2d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 15 желтоқсан
15 желтоқсан күні не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
15 қараша күні қандай қызықты оқиғалар болды
Бүгін — Халықаралық шай күні. Әлемдегі ең танымал сусынның құрметіне арналған мерекені алғаш рет 2005 жылы атап өткен болатын. Оның мақсаты — тек қана бұл сусынның танымалдылығын арттыру ғана емес, сонымен қатар қоғамның назарын шай индустриясындағы өзекті мәселелерге аудару. Ауқымды шаралар негізінен Үндістан мен Шри-Ланкада өтетін болған. Кейін бұл екеуін Индонезия, Кения, Уганда және т.б. мемлекеттер толықтырды. Бұл күні жұрт дастархан басында жиналып шай ішіп, би билеп, ән салады.
Сондай-ақ, бүгін Ресейде кәсіби міндеттерін атқарып жүріп көз жұмған журналистерді еске алу күні. Ол Ресей журналистер одағының бастамасымен 1991 жылдан бері аталып өтіп келеді. Кей журналисті өлтірген қылмыскерлер әлі күнге дейін бостандықта жүр. Мысалы, Дмитрий Холодов пен Владислав Листьевтің кімнің қолынан қаза тапқаны әлі де белгісіз.
Мұнымен қатар бүгін эсперанто тілін сүйер қауымның Заменгоф күні деп аталатын мерекесі. Бұл мереке тілді шығарған Людвиг Заменгофтың туған күніне орай күнтізбеге енгізілген. Мереке ресми болмаса да, 1920 жылдан бері аталып өтіп келеді. Мақсаты — эсперанто тілінің танымалдылығын арттыру. Бүгінде эсперанто тілі — жасанды тілдердің ішіндегі ең танымалының бірі. Оны көптеген мемлекет қолданады. Тіл авторы Людвиг Заменгоф тілді оңай меңгеруге көмектесетін лингвистика жүйесін ойлап тапқан. Статистикалық мәліметтер бойынша, бүгінгі таңда 2 миллион адам осы тілде сөйлеп жүр. Бұл жасанды тілде кітаптар мен журналдар шығарылады.
15 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар
1821 жылы Франция географиялық қоғамы құрылды;
1840 - Наполеон Бонапарттың күлі Парижге салтанатты түрде қайтарылды;
1964 жылы Канадада үйеңкі жапырағы бейнеленген мемлекеттік ту қабылданды;
1966 жылы астроном Одуэн Дольфюс Сатурнның серігі Янусты ашты;
1984 – Вега-1 автоматты планетааралық станциясы іске қосылды.
15 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1951 жылы – Алматы геофизикалық обсерваториясының базасында республиканың мал шаруашылығын және оның жем-шөп базасын гидрометеорологиялық қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты құрылды, кейіннен "Жасыл даму" АҚ болып қайта құрылды;
1999 жылы – Қазақстанда алғаш рет Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы бекітілді.
15 желтоқсанда әлемде дүниеге келген танымал адамдар
37 жылы римдік император Нерон дүниеге келді. Ол 54 жылдың 13 қазанынан бастап таққа отырған;
1907 жылы құрылыс, архитектура саласындағы ғылыми қайраткер, Останкино телемұнарасының авторы, техника ғылымдарының докторы Николай Никитин дүниеге келді;
1942 жылы ресейлік және кеңестік әнші Екатерина Шаврина туды. Ол Ресей Федерациясының халық әртісі.
15 желтоқсанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді
1929 жылы суретші, Қазақстан халық суретшісі, Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері Гүлфайруз Ысмаилова туды;
1950 жылы қазақстандық саясаткер, бұрынғы мемлекеттік хатшы және премьер-министр орынбасары, Алматы қаласының экс-әкімі Ахметжан Есімов өмірге келді.