Ақылы жолдарда төлем жасау жеңілдетіледі

© Sputnik / Медина КураковаАқылы жолдарда төлем жасау жеңілдетіледі
Ақылы жолдарда төлем жасау жеңілдетіледі   - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2025
Жазылу
Өзгерістер объективті себептермен төлем жасалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылу қаупін азайтуға бағытталған
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан - Sputnik. Ақылы жолдардағы төлем жасау ережелерін жеңілдету жоспарланып отыр, деп хабарлайды көлік министрлігі.
Министрлік ақылы тасжолдардағы төлем жасау тәртібіне қатысты ережелерді жаңартуға кірісті.
"Нәтижесінде жүргізушілер төлемді уақытылы төлеу үшін қосымша уақыт пен мүмкіндіктер ұсынылады, әрі ол ыңғайлы, түсінікті болады", - дейді ведомство.
Бұған дейін егер жүргізуші жолақысын жеті күнтізбелік күн ішінде төлемесе, сегізінші күні материалдар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес белгіленген тәртіппен көлік бақылау органдарына жолданатын.
"Алдағы уақытта жеңіл әрі ыңғайлы механизм енгізіледі: егер жеке тұлға жолақысын пайдаланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде төлем жасамаса, материалдар отыз бірінші күні "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес көлік бақылау органдарына жолданады", - дейді министрлік.
Бұған қоса, бұрынғы тәртіпте жеке және заңды тұлғаларға бөлек талаптар қарастырылмаған болса, енді заңды тұлғалар үшін жеке механизм енгізіледі. Жаңа нормаға сәйкес, егер заңды тұлға есептік кезеңнен кейінгі айдың 20-сына дейін төлем жасамаса, материалдар келесі күні көлік бақылау органдарына жолданатын болады.
Ұсынылып отырған өзгерістер жүргізушілерге төлем жасау үдерісін ыңғайлы етуге, төлем мерзімін ұлғайтуға және объективті себептерге байланысты төлем жасалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылу қаупін азайтуға бағытталған.
Платные дороги в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2024
Жүргізушілер жыл басынан бері ақылы жолдар арқылы 22 миллион рет жүріп өткен
Жаңалықтар
0