https://sputnik.kz/20251214/tort-memleket-euroodaqtyn-resey-aktivterine-qatysty-zhosparyna-qarsylyq-bildirdi---baq-59595931.html
Төрт мемлекет Еуроодақтың Ресей активтеріне қатысты жоспарына қарсылық білдірді - БАҚ
Төрт мемлекет Еуроодақтың Ресей активтеріне қатысты жоспарына қарсылық білдірді - БАҚ
Sputnik Қазақстан
Бұл - Италия, Бельгия, Мальта және Болгария 14.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-14T10:53+0500
2025-12-14T10:53+0500
2025-12-14T12:04+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32383136_0:38:3037:1746_1920x0_80_0_0_cd0296100d410cb8276be4558a296a49.jpg
АСТАНА, 14 желтоқсан - Sputnik. Еуроодақтың шамамен 210 миллиард еуроға бағаланған бұғатталған ресейлік активтерін Украинаға беру жоспарына төрт мемлекет қарсылық білдірді, деп хабарлайды РИА Новости Politico басылымына сілтеме жасай отырып.Бұл - Италия, Бельгия, Мальта және Болгария.Материалда бұл елдердің ЕО жоспарына қатысты қоғамдық сын айтуы Еуропалық Комиссияның келесі аптада келісімге келу үмітін жоққа шығаратыны көрсетілген.Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін Еуроодақ пен "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттаған. 200 миллиардтан астам қаражат Еуроодақта, негізінен (176 миллиард) әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear шоттарында жатыр.Ресей сыртқы істер министрлігі бұл әрекеттерді бірнеше рет ұрлық деп атап, ЕО жеке тұлғалардың қаражатын ғана емес, сонымен бірге мемлекет активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20251109/lavrov-resey-aktivteri-tarkilengen-zhagdayda-eo-ga-qarsy-shara-qoldanylatynyn-eskertti-58591764.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32383136_154:0:2885:2048_1920x0_80_0_0_a5c6dbc0ffec4ec99f512a091635980e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Төрт мемлекет Еуроодақтың Ресей активтеріне қатысты жоспарына қарсылық білдірді - БАҚ
10:53 14.12.2025 (жаңартылды: 12:04 14.12.2025) Бұл - Италия, Бельгия, Мальта және Болгария
АСТАНА, 14 желтоқсан - Sputnik. Еуроодақтың шамамен 210 миллиард еуроға бағаланған бұғатталған ресейлік активтерін Украинаға беру жоспарына төрт мемлекет қарсылық білдірді, деп хабарлайды РИА Новости Politico басылымына сілтеме жасай отырып.
Бұл - Италия, Бельгия, Мальта және Болгария.
"Біз Комиссия мен Кеңесті ЕО несие желісі немесе аралық шешімдер арқылы Украинаның қаржылық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ЕО мен халықаралық құқыққа сәйкес келетін, болжамды параметрлері бар және тәуекелдері айтарлықтай төмен балама нұсқаларды зерттеуді және талқылауды жалғастыруға шақырамыз", - деп хабарлады басылым ішкі құжаттардан үзінді келтіріп.
Материалда бұл елдердің ЕО жоспарына қатысты қоғамдық сын айтуы Еуропалық Комиссияның келесі аптада келісімге келу үмітін жоққа шығаратыны көрсетілген.
Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін Еуроодақ пен "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттаған. 200 миллиардтан астам қаражат Еуроодақта, негізінен (176 миллиард) әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear шоттарында жатыр.
Ресей сыртқы істер министрлігі бұл әрекеттерді бірнеше рет ұрлық деп атап, ЕО жеке тұлғалардың қаражатын ғана емес, сонымен бірге мемлекет активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді.