https://sputnik.kz/20251214/eldegi-azyq-tulik-emes-tauarlardyn-bagasy-bayaulady---ukimet-59595789.html
Елдегі азық-түлік емес тауарлар бағасының өсімі баяулады - үкімет
Елдегі азық-түлік емес тауарлар бағасының өсімі баяулады - үкімет
Sputnik Қазақстан
Ал азық-түлік өнімдерінің бағасы алдыңғы айдағы деңгейде сақталып отыр 14.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-14T10:08+0500
2025-12-14T10:08+0500
2025-12-14T12:04+0500
үкімет
азық-түлік
баға
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0b/57789956_0:360:996:920_1920x0_80_0_0_966573cb5adaf672924398288cd6fd25.jpg
АСТАНА, 14 желтоқсан - Sputnik. Үкіметте негізгі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар түрлеріне бағаны тұрақтандыру мәселелері қаралды.Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жылыжай көкөністерінің, әсіресе қияр мен қызанақтың маусымдық қымбаттауын ескере отырып, шекарадағы өткізу бекеттерінде түрікмен көкөністеріне шұғыл түрде "жасыл дәліздер" ұйымдастыруды тапсырды. Бұл шара әсіресе жылыжай өндірісі жеткіліксіз аймақтарды қолжетімді бағадағы көкөністермен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған.Үкімет хабарлауынша, жаңа жыл мерекелері қарсаңында, 22-31 желтоқсан аралығында, елдегі супермаркеттерде "Bereke fest" акциясы басталады."Акция аясында фермерлерден тікелей жеткізілген әлеуметтік маңызы бар тауарлар төмендетілген бағамен сатылады. Сонымен қатар өңірлерде ауыл шаруашылығы және жаңа жылдық жәрмеңкелердің саны артады: желтоқсан айында еліміздің барлық өңірінде 800-ден астам жәрмеңке ұйымдастырылады", - дейді үкіметтегілер.Сауда комитетіне шалғай аудандарға, оның ішінде Маңғыстау, Ұлытау облыстарына тауар жеткізу бойынша көмек көрсету тапсырылды.
https://sputnik.kz/20251018/benzinnin-bagasy-qanday-dengeyde-saqtalady--tartibi-zhariyalandy--58015365.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0b/57789956_0:267:996:1014_1920x0_80_0_0_2027def3f9085cfd4cf0a96ad675bf37.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, азық-түлік, баға
Елдегі азық-түлік емес тауарлар бағасының өсімі баяулады - үкімет
10:08 14.12.2025 (жаңартылды: 12:04 14.12.2025) Ал азық-түлік өнімдерінің бағасы алдыңғы айдағы деңгейде сақталып отыр
АСТАНА, 14 желтоқсан - Sputnik. Үкіметте негізгі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар түрлеріне бағаны тұрақтандыру мәселелері қаралды.
"Қараша айында қазанмен салыстырғанда азық-түлік емес тауарлар бағасының өсімі 0,9%-ға дейін баяулады, ал азық-түлік өнімдерінің бағасы өткен ай деңгейінде (1%) сақталды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына арналған баға индексі соңғы төрт апта бойы өзгеріссіз қалып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жылыжай көкөністерінің, әсіресе қияр мен қызанақтың маусымдық қымбаттауын ескере отырып, шекарадағы өткізу бекеттерінде түрікмен көкөністеріне шұғыл түрде "жасыл дәліздер" ұйымдастыруды тапсырды. Бұл шара әсіресе жылыжай өндірісі жеткіліксіз аймақтарды қолжетімді бағадағы көкөністермен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған.
Үкімет хабарлауынша, жаңа жыл мерекелері қарсаңында, 22-31 желтоқсан аралығында, елдегі супермаркеттерде "Bereke fest" акциясы басталады.
"Акция аясында фермерлерден тікелей жеткізілген әлеуметтік маңызы бар тауарлар төмендетілген бағамен сатылады. Сонымен қатар өңірлерде ауыл шаруашылығы және жаңа жылдық жәрмеңкелердің саны артады: желтоқсан айында еліміздің барлық өңірінде 800-ден астам жәрмеңке ұйымдастырылады", - дейді үкіметтегілер.
Сауда комитетіне шалғай аудандарға, оның ішінде Маңғыстау, Ұлытау облыстарына тауар жеткізу бойынша көмек көрсету тапсырылды.