Тараздық студенттер Қазақстан мен Ресейдің қос дипломын алды

© Пресс-служба Министерства науки и высшего образования РКТаразда университет түлектері Қазақстан мен Ресейдің қос дипломын алды
Таразда университет түлектері Қазақстан мен Ресейдің қос дипломын алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2025
Жазылу
Қос диплом жеті студентке бұйырды
АСТАНА, 13 желтоқсан - Sputnik. Таразда Д. И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті мен М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің бірлескен білім беру бағдарламасының түлектеріне қос диплом табыс етілді.
Бұл химия саласында жоғары білікті инженерлік кадрларды даярлау бойынша академиялық және индустриялық әріптестердің бірлескен жұмысының алғашқы практикалық нәтижесі, деп хабарлады Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі.
© Photo : Пресс-служба Министерства науки и высшего образования РКТаразда университет түлектері Қазақстан мен Ресейдің қос дипломын алды
Первые двойные дипломы выпускникам совместной программы РХТУ и Университета Дулати в Таразе - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2025
Таразда университет түлектері Қазақстан мен Ресейдің қос дипломын алды
Дипломдарды Мәскеудегі Ресей химия-технологиялық университетінде бір жылдық оқуды қамтитын желілік модель бойынша білім алған жеті студент алды.
"Мұндай формат халықаралық білім беру стандарттарын біріктіруге және мамандарды тәжірибеге даярлауға мүмкіндік береді. Бағдарламаның барлық түлектері жұмысқа орналастырылып, "Қазфосфат" ЖШС кәсіпорындарында жұмыс істейді, бұл бағдарламаның қаншалықты қажет екенін және оның өнеркәсіп қажеттіліктерімен тікелей байланысты екеніне дәлел", - деп атап өтті ғылым министрлігі.
Бағдарламаны іске асыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылды. Әу баста желілік білім беру бағдарламасы әзірленді. Сосын Дулати Университеті базасында Ресей химия-технологиялық университеті өкілдігі ашылды. Ал былтырдан бастап Тараз қаласында Д.И. Менделеев атындағы РХТУ филиалы студенттерге білім бере бастады.
© Пресс-служба Министерства науки и высшего образования РКТаразда университет түлектері Қазақстан мен Ресейдің қос дипломын алды
Первые двойные дипломы выпускникам совместной программы РХТУ и Университета Дулати в Таразе - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2025
Таразда университет түлектері Қазақстан мен Ресейдің қос дипломын алды
Жаңалықтар
0