https://sputnik.kz/20251213/auylda-densaulyq-saqtaudy-zhangyrtu-ulttyq-zhobasy-ayasynda-645-nysannyn-qurylysy-ayaqtaldy-59576164.html
"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 645 нысанның құрылысы аяқталды
"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 645 нысанның құрылысы аяқталды
Sputnik Қазақстан
"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын жүзеге асыру 2023 жылы басталды 13.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-13T12:02+0500
2025-12-13T12:02+0500
2025-12-13T12:03+0500
аида балаева
аурухана
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/18/58175882_52:0:1273:687_1920x0_80_0_0_898e116799061ce691a84c277f355a69.jpg
АСТАНА, 13 желтоқсан - Sputnik. "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 645 нысанның құрылысы аяқталды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі. Ұлттық жоба медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарын салу, орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту және оларды білікті мамандармен қамтамасыз ету бағыттарын қамтиды. Қазіргі уақытта жобадағы 655 нысанның 645-інің құрылысы аяқталды, бұл жоспардың 98%-ын құрайды. Оның ішінде 226 нысан бұрын медициналық инфрақұрылым болмаған ауылдарда салынған, ал 419-ы ескірген ғимараттардың орнына тұрғызылды. Сонымен қатар жоба аясында қалған 10 нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Премьер-министр орынбасары Аида Балаева облыс әкімдіктеріне құрылыс-монтаж жұмыстарын, жобалық жұмыстарды дер кезінде аяқтап, әкімшілік кедергілерді жоюды тапсырды.Сонымен қатар жобаның екінші бағыты – инсульт орталығы, ТКА орталығы, перинаталдық орталық, травматология, хирургия және медициналық оңалту бөлімшелері бар жаңғыртылған 32 орталық аудандық аурухананы пайдалануға беру мәселесі қаралды. Баяндамаға сәйкес, 14 нысанда жұмыстар аяқталған, тағы 24 аурухана қайта жаңарту немесе күрделі жөндеу кезеңінде тұр.Отырыста ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі болды. Ұлттық жоба аясында 1100 медицина қызметкерін даярлау қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/18/58175882_209:0:1125:687_1920x0_80_0_0_393422e12ced5f90bf81dbd489ad95c7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
аида балаева, аурухана
"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 645 нысанның құрылысы аяқталды
12:02 13.12.2025 (жаңартылды: 12:03 13.12.2025) "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын жүзеге асыру 2023 жылы басталды
АСТАНА, 13 желтоқсан - Sputnik. "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 645 нысанның құрылысы аяқталды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Ұлттық жоба медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарын салу, орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту және оларды білікті мамандармен қамтамасыз ету бағыттарын қамтиды. Қазіргі уақытта жобадағы 655 нысанның 645-інің құрылысы аяқталды, бұл жоспардың 98%-ын құрайды. Оның ішінде 226 нысан бұрын медициналық инфрақұрылым болмаған ауылдарда салынған, ал 419-ы ескірген ғимараттардың орнына тұрғызылды. Сонымен қатар жоба аясында қалған 10 нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Премьер-министр орынбасары Аида Балаева облыс әкімдіктеріне құрылыс-монтаж жұмыстарын, жобалық жұмыстарды дер кезінде аяқтап, әкімшілік кедергілерді жоюды тапсырды.
Сонымен қатар жобаның екінші бағыты – инсульт орталығы, ТКА орталығы, перинаталдық орталық, травматология, хирургия және медициналық оңалту бөлімшелері бар жаңғыртылған 32 орталық аудандық аурухананы пайдалануға беру мәселесі қаралды. Баяндамаға сәйкес, 14 нысанда жұмыстар аяқталған, тағы 24 аурухана қайта жаңарту немесе күрделі жөндеу кезеңінде тұр.
Отырыста ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі болды. Ұлттық жоба аясында 1100 медицина қызметкерін даярлау қарастырылған.