https://sputnik.kz/20251212/toqaev-buu-quramynda-khalyqaralyq-su-uyymyn-qurudy-usyndy-59559872.html
Тоқаев БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды
Тоқаев БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Сол арқылы БҰҰ аясындағы түрлі ұйымдардың барлық мандатын бір мақсатқа жұмылдыруға болады 12.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-12T15:05+0500
2025-12-12T15:05+0500
2025-12-12T15:05+0500
қазақстан
түрікменстан
бұұ
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/0c/59559539_0:25:1281:745_1920x0_80_0_0_caad2a7525f0473d36149be034aeb01f.jpg
АСТАНА, 12 желтоқсан - Sputnik. Қазақстан президенті БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды.Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, жаһандық су дипломатиясын дамытуда мемлекеттер арасындағы ықпалдастықтың маңызы зор.Мемлекет басшысы мұндай бастаманы іске асыру БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттары мен барша халықаралық қоғамдастықтың мүддесіне сай келетінін айтты."Келесі жылы сәуір айында Астанада Аймақтық экологиялық саммит өтеді. Аталған жиында Қазақстан жаһандық су ұйымын құру туралы халықаралық консультация процесін бастауға ниетті. Ортақ саяси ерік-жігердің арқасында күн тәртібіндегі судың өзекті мәселелері жүйелі түрде шешіле бастайтынына сенімім кәміл", – деді Тоқаев.Қазақстан президенті Ашхабад форумы мүдделі мемлекеттердің жасампаз серіктестігін нығайтуға және әлемде әділетті тәртіп қалыптастыруды көздейтін халықаралық күш-жігерге тың серпін беретініне сенім білдірді.Еске салайық, Ашхабадта Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күніне және Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форум басталды. Оған Қазақстан президентінен бөлек Ресей, Түрікменстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ирак көшбасшылары, сондай-ақ Әзербайжан, Венгрия, Грузия және Пәкістан премьер-министрлері қатысып жатыр.
https://sputnik.kz/20251211/toqaev-ashkhabadta-turikmenstan-prezidentimen-kezdesu-otkizdi-59537404.html
қазақстан
түрікменстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/0c/59559539_126:0:1153:770_1920x0_80_0_0_a2bb9a491024371c932109d31e44ca6d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, түрікменстан, бұұ
қазақстан, түрікменстан, бұұ
Тоқаев БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды
Сол арқылы БҰҰ аясындағы түрлі ұйымдардың барлық мандатын бір мақсатқа жұмылдыруға болады
АСТАНА, 12 желтоқсан - Sputnik. Қазақстан президенті БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, жаһандық су дипломатиясын дамытуда мемлекеттер арасындағы ықпалдастықтың маңызы зор.
"БҰҰ жүйесінде тек су мәселесімен айналысатын арнаулы құрылым жоқ. Бұл түйткілді тез арада шешкен жөн. Қазақстан Халықаралық су ұйымын құруды ұсынады. Сол арқылы БҰҰ аясындағы түрлі ұйымдардың барлық мандатын бір мақсатқа жұмылдыруға болады. UN-Water ведомствоаралық тетігін БҰҰ-ның толыққанды арнаулы агенттігіне немесе ұйымына айналдыру оңтайлы шешім болар еді", - деді президент.
Мемлекет басшысы мұндай бастаманы іске асыру БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттары мен барша халықаралық қоғамдастықтың мүддесіне сай келетінін айтты.
"Келесі жылы сәуір айында Астанада Аймақтық экологиялық саммит өтеді. Аталған жиында Қазақстан жаһандық су ұйымын құру туралы халықаралық консультация процесін бастауға ниетті. Ортақ саяси ерік-жігердің арқасында күн тәртібіндегі судың өзекті мәселелері жүйелі түрде шешіле бастайтынына сенімім кәміл", – деді Тоқаев.
Қазақстан президенті Ашхабад форумы мүдделі мемлекеттердің жасампаз серіктестігін нығайтуға және әлемде әділетті тәртіп қалыптастыруды көздейтін халықаралық күш-жігерге тың серпін беретініне сенім білдірді.
Еске салайық, Ашхабадта Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күніне және Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форум басталды. Оған Қазақстан президентінен бөлек Ресей, Түрікменстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ирак көшбасшылары, сондай-ақ Әзербайжан, Венгрия, Грузия және Пәкістан премьер-министрлері қатысып жатыр.