https://sputnik.kz/20251212/qazaqstan-may-onimderi-eksportyn-1-mlrd-dollarga-deyin-zhetkizudi-zhosparlap-otyr-59543112.html
Қазақстан май өнімдері экспортын 1 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр
Қазақстан май өнімдері экспортын 1 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
Министрлік майлы дақылдар егіс алқаптарын ғылыми негізделген түрде 5 млн гектарға дейін ұлғайтуды көздеп отыр 12.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-12T09:21+0500
2025-12-12T09:21+0500
2025-12-12T09:25+0500
күнбағыс майы
ауыл шаруашылығы министрлігі
экспорт
https://sputnik.kz/img/old/1131/07/11310717_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_df968999b269ccab953901328111f9e1.jpg
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан күнбағыс майын экспорттау бойынша әлемнің үздік ондығына кірді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.Ведомство хабарлауынша, соңғы жылдары майлы дақылдар егіс алаңы екі есе артып, 3,9 млн гектарға жетті, өңдеу көлемі 12%-ға өсіп, 700 мың тоннадан асты, экспорт 29%-ға артып, 582 мың тоннаны құрады.Министрлік майлы дақылдар егіс алқаптарын ғылыми негізделген түрде 5 млн гектарға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Бұл күнбағыс майын экспорттау бойынша әлемдік жетекші үш елдің қатарына кіруге мүмкіндік береді.Ведомство хабарлауынша, Халықаралық сауда орталығы (ITC), Майлы дақылдар өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы және "QazTrade" АҚ-ның қатысуымен Жол картасы әзірленді."Құжат саланың экспорттық әлеуетін 1 млрд долларға дейін арттыруға, өткізу нарықтарын кеңейтуге және қосылған құны жоғары өнімнің терең өңделуін ынталандыруға бағытталған", - дейді министрліктегілер.
https://sputnik.kz/20251113/maskeu-onimderinin-qazaqstanga-eksporty-30-dan-asa-osti-58737930.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1131/07/11310717_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_53bbb42814631fbc2ea59daaf667106c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
күнбағыс майы, ауыл шаруашылығы министрлігі, экспорт
күнбағыс майы, ауыл шаруашылығы министрлігі, экспорт
Қазақстан май өнімдері экспортын 1 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр
09:21 12.12.2025 (жаңартылды: 09:25 12.12.2025) Министрлік майлы дақылдар егіс алқаптарын ғылыми негізделген түрде 5 млн гектарға дейін ұлғайтуды көздеп отыр
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан күнбағыс майын экспорттау бойынша әлемнің үздік ондығына кірді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы
министрлігі.
Ведомство хабарлауынша, соңғы жылдары майлы дақылдар егіс алаңы екі есе артып, 3,9 млн гектарға жетті, өңдеу көлемі 12%-ға өсіп, 700 мың тоннадан асты, экспорт 29%-ға артып, 582 мың тоннаны құрады.
"Өңдеуге инвестицияларды субсидиялау, айналым қаражатына қолжетімділікті қамтамасыз ету саланың тұрақтылығын сақтап, одан әрі кеңеюіне мүмкіндік берді. Қолдау шараларының арқасында Қазақстан күнбағыс майын экспорттау бойынша әлемнің үздік ондығына кірді, Еуропалық Одақ елдеріне күнбағыс шротының жеткізілімі бойынша 3-ші орында. Біз Орталық Азия өңірін күнбағыс шротымен және күнжарамен толық қамтып отырмыз", — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы.
Министрлік майлы дақылдар егіс алқаптарын ғылыми негізделген түрде 5 млн гектарға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Бұл күнбағыс майын экспорттау бойынша әлемдік жетекші үш елдің қатарына кіруге мүмкіндік береді.
Ведомство хабарлауынша, Халықаралық сауда орталығы (ITC), Майлы дақылдар өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы және "QazTrade" АҚ-ның қатысуымен Жол картасы әзірленді.
"Құжат саланың экспорттық әлеуетін 1 млрд долларға дейін арттыруға, өткізу нарықтарын кеңейтуге және қосылған құны жоғары өнімнің терең өңделуін ынталандыруға бағытталған", - дейді министрліктегілер.