Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Киев улы заттары бар снарядтар тастауды жоспарлап отыр - Ресей қорғаныс министрлігі

© Sputnik / Сергей Бобылев / Медиабанкке өтуӘскери қызметкер қолданып тұрған дрон
Әскери қызметкер қолданып тұрған дрон - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2025
Жазылу
Адамның жүйке жүйесіне әсер ететін және салдыққа әкелетін заттар бар снаярдтар үшін дрондар қолданылуы мүмкін
АСТАНА, 12 желтоқсан - Sputnik. Киев дрондар арқылы улы заттар бар снарядтарды тастауды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді Ресей Қарулы күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерінің басшысы Алексей Ртищев, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұған дейін Украина Қарулы күштерінің жауынгерлерін батыста жасалған артиллериялық жүйелер үшін химиялық оқ-дәрілерді қолдануға үйретіп жатқаны туралы хабарланған болатын, деп еске алды Ртищев брифингте.
Ол Киевтің дрондардың көмегімен химиялық заттар бар снарядтарды тастау жоспарлары туралы айтты.
"Осы жылдың 9 желтоқсанында Запорожье облысындағы Терноватое ауылының маңында тактикалық шабуыл жасау кезінде Украина Қарулы күштерінің пилотсыз жүйелерді басқару пункті жойылды және бұл басқару пунктінде слайдта ұсынылған Украинада жасалған "Баба Яга" типті пилотсыз авиация кешеніне арналған техникалық талаптарға қатысты құжаттар болды. Бұл құжаттар Украинаның Ұлттық гвардиясымен 2024 жылы келісілген. Техникалық талаптардың 39-тармағына сәйкес, пилотсыз ұшу аппараты "жүйкеге әсер ететін және салдыққа әкелетін, теріні іріңдететін немесе тұншықтырғыш агенттер" бар 15 артиллериялық снарядқа дейін жеткізуі керек", - деді Ртищев.
Генералдың айтуынша, бұл құжат Украинаның экономика министрлігімен ұлттық заңнамаға сәйкестігі үшін де мақұлданған.
"Сондықтан, Химиялық қару туралы конвенцияның талаптарына қарамастан, Киев режимі уландырғыш заттарды пайдалануға ашық түрде рұқсат береді", - деді Ртищев.
Радиация деңгейі - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина қауіпсіздік қызметі радиоактивті заттары бар бомба жаруды көздеген - Ртищев
Жаңалықтар
0