"Гуанчжоу - Алматы" әуе рейсінде жолаушы қайтыс болды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАлматы әуежайы
Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2025
Жазылу
Бұл факті бойынша Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Гуанчжоудан Алматыға ұшқан жолаушы ұшақта қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Желі қолданушылардың бірі әуе рейсінде жолаушының қайтыс болғаны туралы жазды.
"Бүгін, 11 желтоқсанда ұшқан Гуанчжоудан Алматыға ұшқан рейсте жолаушы қайтыс болды. Ол онкологияның төртінші кезеңі деген диагнозы бар 64 жастағы әйел. Менің ойымша, әр рейсте алғашқы медициналық көмек көрсете алатын дәрігер болуы керек", - делінген жазбада.
Көліктегі полиция департаменті қылмыстық іс қозғалды дейді.
"Бұл факті бойынша Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Өлімнің себебі – жолаушының созылмалы сырқаты болған. Қазыр оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады", - дейді ведомстводағылар.
Астана әуежайындағы рейстер қайта  тұрақтандырылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2025
Астана әуежайындағы рейстер қайта тұрақтандырылды
Жаңалықтар
0