Джеки Чанның жаңа блокбастері Маңғыстауда түсірілетін болды

Джеки Чан - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2025
Жазылу
Киножоба өкілдері өңірдің табиғи және инфрақұрылымдық мүмкіндіктерімен танысып, түсірілім болатын жерлерді аралаған
АСТАНА, 12 желтоқсан - Sputnik. Джеки Чан Қазақстанда жаңа блокбастер түсіреді, деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.
Әлемдік кино жұлдызы Джеки Чан және "Құдай сауыт-сайманы: Ультиматум" фильмінің режиссері Роберт Кун жаңа ірі киножобаның негізгі түсірілім алаңы ретінде Маңғыстауды ресми түрде бекітті.
Киножоба өкілдері өңірдің табиғи және инфрақұрылымдық мүмкіндіктерімен танысып, түсірілім болатын жерлерді аралаған. Табиғи ерекшелігі үшін "Құдай сауыт-сайманы" фильмінің түсірілім орны ретінде дәл Маңғыстау таңдалды.
Культке айналған фильмнің Маңғыстауда түсірілуі Қазақстанның киноиндустриясы үшін маңызды оқиға ретінде бағаланып отыр.

"Бұл жобаға осындай деңгейдегі халықаралық команданың қатысуы кәсіби тәжірибе алмасуға, жергілікті мамандарды тартуға және Маңғыстаудың табиғи әрі мәдени мұрасын әлемдік аудиторияға кеңінен танытуға қосымша мүмкіндіктер ашады", - дейді ведомстводағылар.

Жоба бойынша дайындық және ұйымдастыру жұмыстары белгіленген тәртіпке сәйкес жалғасатын болады.
Актер Джеки Чан на  международном ежегодном фестивале Comic-Con в Сан-Диего  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2025
Джеки Чан Қазақстанға не үшін келгені белгілі болды
Жаңалықтар
0