https://sputnik.kz/20251212/astana-politsiyasy-deputattyn-shuly-malimdemesine-zhauap-berdi-59563136.html
Астана полициясы депутаттың шулы мәлімдемесіне жауап берді
Астана полициясы депутаттың шулы мәлімдемесіне жауап берді
Sputnik Қазақстан
Полиция депутаттың деректері қылмыстық статистиканың ресми мәліметіне сәйкес келмейтіндігін хабарлады 12.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-12T18:21+0500
2025-12-12T18:21+0500
2025-12-12T18:21+0500
астана
полиция
депутат
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/05/58449037_22:199:1082:795_1920x0_80_0_0_4c8174544a367b4333fcb4c3909845a9.jpg
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Мәслихат депутаты Талғат Ерғалиевтің Астанадағы қылмыстық ахуал туралы мәлімдемесі шындыққа жанаспайды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.12 желтоқсандағы отырыста депутат Сарыарқа ауданы қылмыстың әлемдік көрсеткіштері бойынша екінші орында тұрғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Астанадағы барлық қылмыстың жартысынан көбі қаланың небәрі 3 пайыз аумағында — теміржол вокзалы маңында, оған іргелес кварталдарда және жеке секторда жасалады. Ерғалиев Астанадағы жағдайды әлемдегі қылмыс деңгейі ең жоғары астаналар — Каракас, Претория және Йоханнесбургпен салыстырды.Астана әкімі оның сөзін бөліп, астананы басқа шетелдік қалалармен салыстыру орынсыз екенін атап өтті.Ал полиция депутаттың деректері шындыққа жанаспайтынын және қылмыстық статистиканың ресми мәліметіне сәйкес келмейтіндігін хабарлады.Полиция департаменті жалған ақпарат тарату, оның ішінде қоғамдық мәртебесі мен қызметтік өкілеттігі бар адамдар тарапынан болуы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатындығын атап өтті. Ресми мәлімдемелер тек тексерілген және деректерге негізделуі тиіс.Полиция департаменті мемлекеттік органдардың өкілдерінен, ресми дереккөздерге сүйене отырып, ақпарат таратуын және заң талаптарын қатаң сақтауын сұрады.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/05/58449037_119:183:948:805_1920x0_80_0_0_b8fa37c8310cfff556652a652d27c9dc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, полиция, депутат, қылмыс
астана, полиция, депутат, қылмыс
Астана полициясы депутаттың шулы мәлімдемесіне жауап берді
Полиция депутаттың деректері қылмыстық статистиканың ресми мәліметіне сәйкес келмейтіндігін хабарлады
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Мәслихат депутаты Талғат Ерғалиевтің Астанадағы қылмыстық ахуал туралы мәлімдемесі шындыққа жанаспайды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
12 желтоқсандағы отырыста депутат Сарыарқа ауданы қылмыстың әлемдік көрсеткіштері бойынша екінші орында тұрғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Астанадағы барлық қылмыстың жартысынан көбі қаланың небәрі 3 пайыз аумағында — теміржол вокзалы маңында, оған іргелес кварталдарда және жеке секторда жасалады. Ерғалиев Астанадағы жағдайды әлемдегі қылмыс деңгейі ең жоғары астаналар — Каракас, Претория және Йоханнесбургпен салыстырды.
Астана әкімі оның сөзін бөліп, астананы басқа шетелдік қалалармен салыстыру орынсыз екенін атап өтті.
Ал полиция депутаттың деректері шындыққа жанаспайтынын және қылмыстық статистиканың ресми мәліметіне сәйкес келмейтіндігін хабарлады.
"Соңғы жылдары Астана қаласында жыл сайын 17 мыңнан аспайтын қылмыс тіркеледі. Сонымен қатар өткен жылмен салыстырғанда қылмыс деңгейі 1 887-ге төмендеген. Бұл заңда белгіленген тәртіппен қалыптастырылатын ресми деректермен расталған ақпарат. Аталған отырыс барысында депутат жариялаған жекелеген қылмыс түрлеріне қатысты статистикалық мәліметтер де шындыққа жанаспайды. Мәлімдемелер ресми дереккөздермен расталмаған және қаладағы нақты криминогендік ахуалды бұрмалап көрсеткен", - дейді полиция.
Полиция департаменті жалған ақпарат тарату, оның ішінде қоғамдық мәртебесі мен қызметтік өкілеттігі бар адамдар тарапынан болуы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатындығын атап өтті. Ресми мәлімдемелер тек тексерілген және деректерге негізделуі тиіс.
"Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары мәлімдеме жасаған адам сілтеме жасаған ұйымнан ақпарат сұратты. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті құқықтық баға беріледі", - дейді полицейлер.
Полиция департаменті мемлекеттік органдардың өкілдерінен, ресми дереккөздерге сүйене отырып, ақпарат таратуын және заң талаптарын қатаң сақтауын сұрады.