https://sputnik.kz/20251212/aleumettik-tolemderdi-esepteu-tartibine-ozgeris-engizildi-natizhe-qanday-59565489.html
Әлеуметтік төлемдерді есептеу тәртібіне өзгеріс енгізілді: нәтиже қандай
Әлеуметтік төлемдерді есептеу тәртібіне өзгеріс енгізілді: нәтиже қандай
Sputnik Қазақстан
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны 7 млн адамға жуықтады 12.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-12T20:20+0500
2025-12-12T20:20+0500
2025-12-12T21:23+0500
әлеуметтік төлем
біржолғы төлем
төлем
төлемақы
жәрдемақы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_4ddc7c868cc05a92f13e7e34ab439aab.jpg
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлемдерді есептеу тәртібіне өзгеріс енгізілгеннен кейін "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына" ай сайын түсетін ақша одан төленетін қаржыдан асты. Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Алмас Құрманов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі қоғамдық кеңестің отырысында айтты.Ол қордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі қайтадан 5%-ға қайтарылғанын еске салды.Алмас Құрмановтың мәліметінше, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны 7 млн адамға жуықтады. 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 1 291 944 адамға 853,3 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлем аударылған.
https://sputnik.kz/20251003/asyraushysynan-ayrylgandarga-tolenetin-aleumettik-tolem-molsheri-artady-57601799.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_7ef87660891fab34e7923c079ed4310f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік төлем, біржолғы төлем, төлем, төлемақы, жәрдемақы
әлеуметтік төлем, біржолғы төлем, төлем, төлемақы, жәрдемақы
Әлеуметтік төлемдерді есептеу тәртібіне өзгеріс енгізілді: нәтиже қандай
20:20 12.12.2025 (жаңартылды: 21:23 12.12.2025) Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны 7 млн адамға жуықтады
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлемдерді есептеу тәртібіне өзгеріс енгізілгеннен кейін "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына" ай сайын түсетін ақша одан төленетін қаржыдан асты. Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Алмас Құрманов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі қоғамдық кеңестің отырысында айтты.
Ол қордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі қайтадан 5%-ға қайтарылғанын еске салды.
"Сондай-ақ жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлемдерді есептеу тәртібіне нысаналы өзгеріс енгізілді. Нәтижесінде ай сайынғы түсім қордан төленетін ақшадан көбейді", - деп түсіндірді Құрманов.
Алмас Құрмановтың мәліметінше, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны 7 млн адамға жуықтады. 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 1 291 944 адамға 853,3 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлем аударылған.