https://sputnik.kz/20251211/toqaev-rim-papasyn-qazaqstanga-shaqyrdy-59536249.html
Тоқаев Рим Папасын Қазақстанға шақырды
Тоқаев Рим Папасын Қазақстанға шақырды
Sputnik Қазақстан
Сенат төрағасы мемлекет басшысының Рим Папасына жолдаған арнайы хатын тапсырды 11.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-11T22:11+0500
2025-12-11T22:11+0500
2025-12-11T22:11+0500
қасым-жомарт тоқаев
қазақстан
мәулен әшімбаев
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0b/53445720_0:160:1081:768_1920x0_80_0_0_ade5e51c74f1953ec281ea748682aff9.jpg
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасын Қазақстанға шақырды, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы жұмыс сапарымен барды.Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат Ватиканға сапары аясында Рим Папасы XIV Леоның аудиенциясында болды.Мәулен Әшімбаев аудиенция үшін алғыс білдіре отырып, Ватикан делегациясы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезінің Қорытынды декларациясын әзірлеуге белсенді қатысқанын атап өтті.Ал Рим Папасы XIV Лео Қазақстанның түрлі діндердің өкілдері арасындағы бейбітшілікті жолға қою және жаһандық деңгейде өркендеуді ілгерілету жөніндегі бастамаларын жоғары бағалайтынын жеткізді.Понтифик қазіргі сын-қатерлер жағдайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі аясында жасалып жатқан ізгі амалдар мен қадамдардың маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Қасиетті Тақ тарапы мұндай миссияны үнемі қолдайтынын айтты.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0b/53445720_0:59:1081:869_1920x0_80_0_0_05aca0e6ab2a1e328606a369ac6d9bb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қазақстан, мәулен әшімбаев
қасым-жомарт тоқаев, қазақстан, мәулен әшімбаев
Тоқаев Рим Папасын Қазақстанға шақырды
Сенат төрағасы мемлекет басшысының Рим Папасына жолдаған арнайы хатын тапсырды
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасын Қазақстанға шақырды, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы жұмыс сапарымен барды.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат Ватиканға сапары аясында Рим Папасы XIV Леоның аудиенциясында болды.
"Сенат төрағасы Рим Папасы XIV Леоға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін және елімізге Апостолдық сапармен келу жөніндегі шақыруын жеткізді. Мәулен Әшімбаев кездесуде Қазақстанның Ватиканмен көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті", -деп жазылған хабарламада.
Мәулен Әшімбаев аудиенция үшін алғыс білдіре отырып, Ватикан делегациясы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезінің Қорытынды декларациясын әзірлеуге белсенді қатысқанын атап өтті.
Ал Рим Папасы XIV Лео Қазақстанның түрлі діндердің өкілдері арасындағы бейбітшілікті жолға қою және жаһандық деңгейде өркендеуді ілгерілету жөніндегі бастамаларын жоғары бағалайтынын жеткізді.
Понтифик қазіргі сын-қатерлер жағдайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі аясында жасалып жатқан ізгі амалдар мен қадамдардың маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Қасиетті Тақ тарапы мұндай миссияны үнемі қолдайтынын айтты.