https://sputnik.kz/20251211/energetika-ministrligi-munay-tasymalyna-qatysty-qate-aqparat-taraganyn-malimdedi-59533396.html
Мұнай тасымалына қатысты қате ақпарат тарады – Энергетика министрлігі
Мұнай тасымалына қатысты қате ақпарат тарады – Энергетика министрлігі
Sputnik Қазақстан
Қазіргі таңда мұнай тиеу жұмыстары терминалда жұмыс істеп тұрған ВПУ-1 құрылғысы арқылы жалғасып жатыр 11.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-11T19:21+0500
2025-12-11T19:21+0500
2025-12-11T20:26+0500
каспий
құбыр
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0e/58758435_0:240:2560:1680_1920x0_80_0_0_6b5f841b4ff83b2bbd5f3fc5550f531f.jpg
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Энергетика министрлігі БАҚ-та жарияланған Қазақстан Каспий құбыр консорциумы терминалындағы оқыс оқиға салдарынан "4 млн тонна мұнайдан айырылды" деген ақпарат қате екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ведомствоның мәліметінше бұл техникалық көрсеткіштерді дұрыс түсінбеуден туындаған.Оқыс оқиғаның өндірістік процестерге нақты әсеріне келетін болсақ, шамамен 480 мың тонна мұнай өндіру уақытша қысқартылды. Бұл – жөндеу кезінде қоймалар толып қалмауы үшін қолданылған технологиялық тұрғыдан қажетті шара."Аталған көлем қайтарымсыз жоғалтылған деп қарастырылмайды және терминал штаттық режимде жұмысын қайта бастағаннан кейін қосымша жүктеме арқылы толықтай өтеледі. Қазіргі сәтте түзетулердің бюджетке әсерін бағалау ерте, өйткені мұнай компаниялардың активінде сақталып тұр және логистика қалпына келгеннен кейін сатылымға шығарылады", - дейді мамандар.Қазіргі таңда мұнай тиеу жұмыстары терминалда жұмыс істеп тұрған ВПУ-1 (айлақ құрылғысы) құрылғысы арқылы жалғасып жатыр. Ал ВПУ-3-тегі шлангтарды ауыстыру жұмыстары аяқталуға жақын (15 желтоқсанда бітіру жоспарланған. Құрылғыны іске қосу толық өткізу қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.Шектеулерді азайту мақсатында министрлік ірі операторлармен бірлесіп мұнайды әртүрлі бағыттар арқылы тасымалдау шараларын дер кезінде қабылдады.Сондай-ақ "Атырау-Самара" жүйесі арқылы тасымалдау көлемі де арттырылып, теміржол көлігінің мүмкіндіктері пайдаланылуда. Новороссийск және Усть-Луга порттары арқылы қазақстандық мұнайды қабылдау және тасымалдау жұмыстары шектеусіз, штаттық режимде жүзеге асырылуда.Айта кетері, ірі жобаларға қатысушы операторлардың (ТКО, NCOC, ҚКО) операциялық қызметіне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Жұмыс ағымдағы келісімдер аясында жүргізілуде, меншікті ауыстыру немесе акцияларды сатып алу бойынша келіссөздер жүргізілмейді. Жағдай ҚР Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында, экспорттық келісімшарттардың бұзылу қаупі жоқ.
https://sputnik.kz/20251211/ukraina-tarapymen-tusinistik-bar-ministr-kaspiy-qubyr-konsortsiumyna-soqqylar-turaly--59519379.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0e/58758435_0:0:2560:1920_1920x0_80_0_0_d85eeb701b9b39c76723e39e99707642.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
каспий, құбыр
Мұнай тасымалына қатысты қате ақпарат тарады – Энергетика министрлігі
19:21 11.12.2025 (жаңартылды: 20:26 11.12.2025) Қазіргі таңда мұнай тиеу жұмыстары терминалда жұмыс істеп тұрған ВПУ-1 құрылғысы арқылы жалғасып жатыр
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Энергетика министрлігі БАҚ-та жарияланған Қазақстан Каспий құбыр консорциумы терминалындағы оқыс оқиға салдарынан "4 млн тонна мұнайдан айырылды" деген ақпарат қате екенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ведомствоның мәліметінше бұл техникалық көрсеткіштерді дұрыс түсінбеуден туындаған.
"КҚК мұнай құбырының Қазақстан бөлігінің жобалық өткізу қабілеті, яғни жүйенің техникалық шегі – 72 млн тонна. 2025 жылы жоспарланған тасымал – 57 млн тонна, ал 11 айдың деректерін есептегенде шамамен 68 млн тоннаға жеткен, яғни жоспардың 119,3 % құрайды. Осылайша, 4 млн тонна айырмашылық – бұл құбырдың бос мүмкіндігі, яғни мұнай жоғалған жоқ. Теңіз терминалдағы оқиға жылдық жоспарға критикалық кері әсер етпеді", - деп түсіндірді министрлік.
Оқыс оқиғаның өндірістік процестерге нақты әсеріне келетін болсақ, шамамен 480 мың тонна мұнай өндіру уақытша қысқартылды. Бұл – жөндеу кезінде қоймалар толып қалмауы үшін қолданылған технологиялық тұрғыдан қажетті шара.
"Аталған көлем қайтарымсыз жоғалтылған деп қарастырылмайды және терминал штаттық режимде жұмысын қайта бастағаннан кейін қосымша жүктеме арқылы толықтай өтеледі. Қазіргі сәтте түзетулердің бюджетке әсерін бағалау ерте, өйткені мұнай компаниялардың активінде сақталып тұр және логистика қалпына келгеннен кейін сатылымға шығарылады", - дейді мамандар.
Қазіргі таңда мұнай тиеу жұмыстары терминалда жұмыс істеп тұрған ВПУ-1 (айлақ құрылғысы) құрылғысы арқылы жалғасып жатыр. Ал ВПУ-3-тегі шлангтарды ауыстыру жұмыстары аяқталуға жақын (15 желтоқсанда бітіру жоспарланған. Құрылғыны іске қосу толық өткізу қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Шектеулерді азайту мақсатында министрлік ірі операторлармен бірлесіп мұнайды әртүрлі бағыттар арқылы тасымалдау шараларын дер кезінде қабылдады.
"КҚК – Қазақстанның негізгі экспорттық жолы, оған толыққанды балама жоқ. Соған қарамастан барлық қосымша маршруттар пайдаланылды. Атап айтқанда, Қашаған кен орнынан өндірілген мұнайды қоса алғанда бірқатар көлемдер техникалық қажеттілік пен акционерлер арасындағы коммерциялық келісімдерге сәйкес "Атасу-Алашаңқай" мұнай құбыры арқылы шұғыл түрде Қытай Халық Республикасына бағытталды", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ "Атырау-Самара" жүйесі арқылы тасымалдау көлемі де арттырылып, теміржол көлігінің мүмкіндіктері пайдаланылуда. Новороссийск және Усть-Луга порттары арқылы қазақстандық мұнайды қабылдау және тасымалдау жұмыстары шектеусіз, штаттық режимде жүзеге асырылуда.
Айта кетері, ірі жобаларға қатысушы операторлардың (ТКО, NCOC, ҚКО) операциялық қызметіне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Жұмыс ағымдағы келісімдер аясында жүргізілуде, меншікті ауыстыру немесе акцияларды сатып алу бойынша келіссөздер жүргізілмейді. Жағдай ҚР Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында, экспорттық келісімшарттардың бұзылу қаупі жоқ.