Болашақ кадрлары: Ресей мен Қазақстанның жаңа еңбек моделі қалай қалыптасып жатыр
14:53 11.12.2025 (жаңартылды: 15:11 11.12.2025)

© Photo : Пресс-служба ОЭЗ "Алабуга"
Жазылу
Компания жаңалықтары
Ресейдің ең тиімді арнайы экономикалық аймағы білікті кадрлар тапшылығы проблемасын шешудің өзіндік жолын ұсынып отыр
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Ресей мен ТМД елдерінің экономикалары, әсіресе еңбек және қаржы ағымдары саласында өзара тығыз байланыста. Жыл сайын Орталық Азия елдерінің миллиондаған азаматы Ресейге нәпақа іздеп барады. РФ ІІМ статистикасына сәйкес, 2024 жылы жұмысқа орналасу мақсатында 6,3 миллион шетел азаматы барған.
Маңыздысы, олардың табысының елеулі бөлігі ақша аударымдары ретінде отанына қайтады. Бұл қаражат олардың отбасын қолдауда және жөнелтуші тарап елдерінің бюджетін толықтыруда үлкен рөл атқарады. Мысалы, кейбір ТМД елдерінде шетелден келетін аударымдар көлемі ЖІӨ-нің 18%-на дейін жетіп, әлеуметтік тұрақтылық пен ішкі тұтынуды қамтамасыз етуге көмектесіп отыр.
Осы жағдайда ұйымдастырылған еңбек миграциясы бағдарламалары жай ғана экономикалық құрал емес, тұрақтылықтың маңызды элементіне айналып жатыр. Ресей еңбек ресурстарында, ең алдымен өндіріс секторында өсіп келе жатқан сұранысты сезіне отырып, ынталы жұмысшыларды тартуға мүдделі. Екінші жағынан, ТМД елдерінің жастары заңды түрде жұмысқа орналасу мүмкіндігін алып қана қоймай, кәсіби дағдыларын дамытады.
"Алабуга" арнайы экономикалық аймағы (Татарстан Республикасы, Ресей) бастамашылық еткен "Алабуга" халықаралық бағдарламасы осы бағыттағы ең көрнекті мысалдардың бірі саналады. 2022 жылы іске қосылған бағдарлама ТМД елдерінен келген қыздарды кәсіби тұрғыдан дамытуға және жоғары технологиялық кәсіпорындарда жұмысқа орналастыруға бағытталған. Үш жыл ішінде бағдарлама қатысушыларға өзін қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп қана қоймай, көптеген қызға отбасына жүйелі түрде қолдау көрсетуге жағдай жасады.
Баспана, жұмыс және жоғары жалақы
Бағдарлама Татарстанға көшіп, ірі компанияларда карьера жасауға дайын 16–22 жас аралығындағы ТМД елдерінің қыздарына бағдарланған. Олар жұмыс тәжірибесінсіз және салалық білімсіз қатыса алады – "Алабуга Старт" оларға алғашқы мамандық алуға, лайықты жалақымен жұмыс табуға және дербес тұлға ретінде қалыптасуға мүмкіндік береді.
Компания қатысушылардың Ресейге ұшақ билетін төлейді, жұмысқа орналастыруда толық қолдау көрсетеді және заманауи корпоративтік хостелдерде өте төмен ақыға (айына бар-жоғы 44$) тұруға жағдай жасайды. Жалақы басты ынталандырудың бірі екені сөзсіз. Қыздар айына 860 доллардан 1783 долларға дейін "қолына" ала алады.

Международная программа "Алабуга Старт"
© Photo : Пресс-служба ОЭЗ "Алабуга"
Айта кетері, бағдарлама қолжетімді карьера бағыттарының тізімін үнемі кеңейтіп отырады: 2025 жылы жұмыс салаларының саны алтыға дейін өсті. Бүгінде қыздар өндіріс операторы немесе автокөлік цехындағы жүргізуші мамандығын таңдай алады, мейрамхана немесе қонақүй бизнесінде өзін сынауға мүмкіндік бар, сондай-ақ құрылыс саласында монтаж және әрлеу жұмыстарын меңгере алады.
Татарстандағы бұл алаң Ресейдегі арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігі бойынша бірнеше жыл қатарынан бірінші орында тұр. Оның аумағында көптеген ірі зауыт жұмыс істейді (Түркия, Германия, Дания және Бельгиядан келген шетелдік резиденттерді қосқанда) және оларда жоғары білікті кадрларға сұраныс өсіп келеді.
Осыған байланысты басшылық нарықтан дайын мамандар іздегеннен гөрі оларды өзіміз дайындаған жөн деп шешті. Осылайша "Алабуга Старт" бағдарламасының идеясы пайда болды. Бағдарлама бір уақытта кадр тапшылығын шешуге және дос мемлекеттердің жастарын жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.

"Алабуга Старт" халықаралық бағдарламасы
© Photo : Пресс-служба ОЭЗ "Алабуга"
ТМД елдерінің жас қыздары бағдарламаға қатысу арқылы жұмыс істеп қана қоймай, интеграциялық іс-шаралар аясында Татарстан өмірімен танысады. Оларға республиканың тарихи қалаларына (Елабуга, Набережные Челны, Қазан) экскурсиялар ұйымдастырылады, спорттық шаралар мен сөйлесу клубтары өткізіледі – бұл жергілікті ортаға тез бейімделуге және аймақ мәдениетін түсінуге көмектеседі.
Жаңа мүмкіндіктер және отбасыларды қолдау
Жергілікті билік бұл бастаманы заңды көші-қон арнасы және жастарды жұмыспен қамтуды арттыру құралы ретінде қолдайды. Мысалы, "AMANAT" партиясының жанындағы "Жастар Рухы" жастар қанатының өкілдері "Алабугада" болып, арнайы экономикалық аймақта жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың жағдайымен танысты.
"Алабуга Старт" — өте қызықты әрі тиімді жоба. Бүгінгі технологиялар ғасырында мұндай алаңдар барынша пайдалы: олар әрбір жасқа әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, өндіріс саласында табысқа жетуге мүмкіндік береді", – деді делегация өкілдері.

"Алабуга Старт" халықаралық бағдарламасы
© Photo : Пресс-служба ОЭЗ "Алабуга"
Бағдарлама Еуразиялық экономикалық форумда жастарды жұмыспен қамтуға көмектесу және интеграциялық кеңістікте кадрларды кәсіби бейімдеудің сәтті үлгісі ретінде ұсынылды.
Бастаманы аймақтық билік та, бизнес-қоғамдастық та қолдап отыр. Осылайша, бағдарлама арқылы Ресей мен ТМД елдерінің арасында еңбек миграциясы саласындағы өзара әрекеттесудің жаңа форматы қалыптасады.
Сонымен қатар тапқан табыс қыздарға өз еліндегі отбасыларын қолдауға мүмкіндік береді. Көптеген қатысушы жалақысының елеулі бөлігін үйіне жіберіп, ата-анасына және туыстарына көмек көрсетіп жүр. Қырғызстаннан келген Алина Тойгонбаева оған айқын мысал. Бойжеткен "Алабуга Старт" туралы досынан естіген:
"Мен өтінім жібердім, HR менімен байланысқа шықты. Біз сөйлестік, кейін олар ата-анама бағдарлама туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Маған ата-анам қарсы болмады. Қазір анама көмектесіп жүрмін – жарты жылда оның кредитінің жартысын төледім", – дейді Алина.

Международная программа "Алабуга Старт"
© Photo : Пресс-служба ОЭЗ "Алабуга"
Бұл жалпы үрдіске сәйкес келеді: ТМД азаматтарының ақша аударымдары Орталық Азия елдерінің экономикасы үшін маңызды кіріс көзі саналады. Мысалы, 2024 жылы Қырғызстан азаматтары шетелде жұмыс істей жүріп, отанына шамамен $3 млрд аударды, бұл елдің ЖІӨ-нің 17%-ына тең. Осылайша "Алабуга Старт" бағдарламасына қатысатын бірнеше жүз қыздың өзі қаржы ағыны есебінен ТМД елдерінің экономикасына тікелей пайда әкеледі, жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендетеді.
Сондай-ақ адам капиталының дамуы да маңызды. Ресейде екі жыл жұмыс істей жүріп, қыздар құнды кәсіби дайындық алады – бағдарлама аяқталған соң олар практикалық дағдылары мен басқарушылық тәжірибесі бар білікті маман болып шығады. Олар еңбек тәртібін, заманауи технологияларды және халықаралық ортада жұмыс істеуді үйренеді – бұл олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Кәсіпқой мамандардың жаңа буыны
Бағдарлама түлектерінің көпшілігі өзі таңдаған салада карьерасын жалғастыруды немесе жинаған капиталы мен білімін пайдаланып жеке бизнес ашуды жоспарлайды. Тәжірибенің мұндай "кері ағымы" қатысушы елдерге де пайда әкеледі: қыздар елдеріне жаңа біліктілікпен, кең білім көкжиегімен оралып, үздік тәжірибелерді таратуға атсалысады.
Сондай-ақ бағдарлама маңызды әлеуметтік мәнге ие – ол дәстүрлі қоғамдарда әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтеді. Тұрақты және жақсы жалақы төленетін жұмыс тапқан қыздар экономикалық тәуелсіздікке ие болып, өз-өзіне сенімі артады. Мұндай мысалдар ТМД елдерінде әйел еңбегі мен карьерасына деген көзқарасты өзгертеді және басқаларды ынталандырады.
"Алабуга Старт" үлгісін басқа өңірлер мен салаларда енгізуге және масштабтауға толық мүмкіндік бар. Бұл арада әңгіме заманауи экономика мен технологиялық өзгерістер жағдайында жұмыс істеуге дайын жаңа кәсіпқой мамандар буынын қалыптастыру туралы болып отыр. Бағдарламаның сәтті жүзеге асырылуы серіктес елдермен ынтықмақтастықта ұқсас жобаларды құруға шабыт береді, бұл ұзақ мерзімде посткеңестік кеңістікте интеграцияны нығайтып, барлық қатысушыға өзара пайда әкеледі.

"Алабуга Старт" халықаралық бағдарламасы
© Photo : Пресс-служба ОЭЗ "Алабуга"
"Алабуга" халықаралық бағдарламасы кадрлық ынтымақтастықтың ойластырылған өзара тиімді стратегиясы ретінде бірнеше мемлекеттің дамуға қатысты мәселелерін бір уақытта шеше алатынын айқын көрсетіп отыр. ТМД елдерінің жастары өзін-өзі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерге, лайықты табысқа және өсу перспективаларына ие болады, ал Ресей еңбек ресурстарын тартып, жақын көршілерімен байланысын нығайтады.
Серіктестіктің мұндай форматы өзінің тиімділігін дәлелдеп қойды, жоба алдағы уақытта жаңа қатысушылар тартып, жаңа табыстарға жетуді жоспарлап отыр, бағдарлама жалпы өркендеу мүддесінде географиялық тұрғыдан кеңеюі де мүмкін.
Материал коммерциялық негізде жарияланды