Балқаш жағалауындағы пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Озеро Балхаш - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2025
Жазылу
Кәсіпкерге учаскені игеру туралы нұсқама берілгенмен, ол орындалмаған
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Балқаш жағалауындағы пайдаланылмаған жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қарағанды облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті бұрын берілген, бірақ игерілмеген жер учаскелерін Балқаш көлі жағалауынан туристік нысандар салу үшін мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

"Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде Торанғалық ауылында орналасқан, аумағы 0,5 гектарды құрайтын, демалыс аймағын абаттандыру және туристік қызметтер көрсету үшін берілген, бірақ көптеген жыл бойы пайдаланылмаған жер телімі анықталды. Кәсіпкерге учаскені игеру туралы нұсқама берілді", - деп жазылған хабарламада.

Нұсқаманың орындалмауына байланысты департамент кәсіпкерге айыппұл салып, жер учаскесін мәжбүрлі түрде алып қою туралы талаппен сотқа жүгінді.
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты департамент талаптарын толық қанағаттандырып, жер телімін мәжбүрлеп алып қою және оны кейіннен сауда-саттыққа, яғни аукционға шығару туралы шешім қабылдады.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Пайдалы қазба орны - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2025
Құны 600 млн теңгеден асатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Жаңалықтар
0