https://sputnik.kz/20251211/almatyda-kino-tusirip-zhurgen-52-adam-poyyzda-ulanyp-qaldy-59529081.html
Алматыда кино түсіріп жүрген 52 адам пойызда уланып қалды
Алматыда кино түсіріп жүрген 52 адам пойызда уланып қалды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 11 желтоқсан – Sputnik. Алматыда темір жолда кино түсіреміз деп 52 адам уланып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 11.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-11T16:50+0500
2025-12-11T16:50+0500
2025-12-11T21:34+0500
алматы
пойыз
улану
https://sputnik.kz/img/735/40/7354075_0:235:4513:2773_1920x0_80_0_0_e96e7fd726a090c4e5e1d86ea435d0b5.jpg
АЛМАТЫ, 11 желтоқсан – Sputnik. Алматыда темір жолда кино түсіреміз деп 52 адам уланып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оқиға Алматы-2 темір жол вокзалында болған. Оқиға орнына 13 жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілген.Тексеру нәтижесі бойынша 10 бала ауруханаға жатқызылды, оның 2-і жансақтау бөлімшесінде, қалғандары бейінді бөлімшелерде.Қалған пациенттер тексеруден және көмек көрсетуден кейін тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емделуге жіберілді. Ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында.Қазақстан темір жолы пойызда болған жағдайдың өздеріне еш қатысы жоғын айтады."Алматы-2 теміржол вокзалында көміртегі тотығымен улану оқиғасына ұлттық тасымалдаушының қатысы жоқ. Адамдар уланған пойыз жеке тасымалдаушыға тиесілі, "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға қарамайды. Киностудияға вагондар түсірілім жүргізуге берілген", - дейді компания.Полиция Қылмыстық кодекстің 156-бабы "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғады. "Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, соған сәйкес заңды процессуалдық шешім қабылданады", - дейді көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/735/40/7354075_250:0:4261:3008_1920x0_80_0_0_a7826cb519f4ebfdbb456068e8c52317.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, пойыз, улану
АЛМАТЫ, 11 желтоқсан – Sputnik. Алматыда темір жолда кино түсіреміз деп 52 адам уланып қалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға Алматы-2 темір жол вокзалында болған. Оқиға орнына 13 жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілген.
"52 адам зардап шекті, оның ішінде балалар бар. Зардап шекендердің барлығы тексеру жүргізу және қажетті медициналық көмек көрсету үшін қала стационарларының қабылдау бөлмелеріне жеткізілді", - дейді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Тексеру нәтижесі бойынша 10 бала ауруханаға жатқызылды, оның 2-і жансақтау бөлімшесінде, қалғандары бейінді бөлімшелерде.
Қалған пациенттер тексеруден және көмек көрсетуден кейін тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емделуге жіберілді. Ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында.
Қазақстан темір жолы пойызда болған жағдайдың өздеріне еш қатысы жоғын айтады.
"Алматы-2 теміржол вокзалында көміртегі тотығымен улану оқиғасына ұлттық тасымалдаушының қатысы жоқ. Адамдар уланған пойыз жеке тасымалдаушыға тиесілі, "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға қарамайды. Киностудияға вагондар түсірілім жүргізуге берілген", - дейді компания.
Полиция Қылмыстық кодекстің 156-бабы "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, соған сәйкес заңды процессуалдық шешім қабылданады", - дейді көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.