Павлодарда оқушылар баланың тілін кеспек болған

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуМягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото
Мягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 желтоқсан – Sputnik. Павлодарда оқушылар қатарласының тілін кеспек болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға туралы жәбірленушінің анасы әлеуметтік желіде жариялады. Оның айтуынша, оқиға 9 желтоқсанда Айманов көшесі 50-үй маңында болған.
"10 жас шамасындағы екі бала баламды соққыға жыққан. Біреуі ұстап тұрған, екіншісі басынан, денесінен тепкен. Сосын біреуі қайшы алып, баламның тілін кеспек болған. Балам аман-есен сытылып шығып, қашып, подъезге жетіп үлгерген. Жаңағы балалар артынан қуған, бірақ ұлым үйге кіріп үлгерген", - дейді жәбірленушінің анасы.
Дәрігерлер баланың жағдайы орташа ауыр дейді.
"9 желтоқсан күні сағат 14:00-де Павлодар облыстық балалар ауруханасының жарақат пунктіне 2018 жылы туған бала жеткізілді. Алғашқы тексеру кезінде миы шайқалған, үстіңгі және астыңғы еріндерінің зақымдалып, көгерген, сондай-ақ тіл ұшы сырылған деген диагноз қойылды. Науқастың сөйлеу қабілеті бұзылған", - дейді Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Науқас травматология бөліміне жатқызылды. Жағдайы тұрақты, орташа ауыр. Қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Полиция кәмелетке толмағанға қасақана жеңіл дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандарды анықтау және оларды ұстауға бағытталған қажетті шаралар жүргізілуде", - дейді облыстық полиция департаменті.
Қылмыстық іс аясында олардың заңды өкілдерінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ісі комиссияда қаралып, есепке қою мәселесі шешіледі, дейді полиция.
Жаңалықтар
0