https://sputnik.kz/20251210/kaspiy-qubyr-konsortsiumyna-qazhetti-zhabdyqtar-oskemende-shygarylatyn-boldy-59489954.html
Каспий құбыр консорциумына қажетті жабдықтар Өскеменде шығарылатын болды
Каспий құбыр консорциумына қажетті жабдықтар Өскеменде шығарылатын болды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды 10.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-10T15:59+0500
2025-12-10T15:59+0500
2025-12-10T15:59+0500
каспий
құбыр
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0e/55623332_0:172:1200:847_1920x0_80_0_0_bfa9f07fe93ff76e2bdbc7571081412d.jpg
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Астанада "Өскемен арматура зауыты" АҚ мен "Каспий Құбыр Консорциумы-К" АҚ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлады үкімет.Өнеркәсіптік жабдықтың импортын алмастыру саласындағы құжатқа "Өскемен арматура зауыты" АҚ бас директоры Александр Будрис және Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбан қол қойды.Келісім шеңберінде тараптар "КҚК-К" АҚ-ны қазақстандық тектес жоғары технологиялық материалдармен, жинақтауыштармен және жабдықтармен қамтамасыз етеді. Жабдыққа техникалық қызмет көрсету, жаңғырту және сынауды жүргізуге, сондай-ақ инновациялық технологиялық шешімдерді бірлесіп әзірлеуге және енгізуге ниетті.Жалпы қуаттылығы жылына 83 миллион тонна мұнайды Каспий құбыр консорциумы мұнай құбыры жүйесі бұл – мұнайды Каспий өңірінен әлемдік нарықтарға тасымалдаудың ең ірі бағыты және Қазақстан үшін негізгі бағыт. КҚК бойынша Қазақстаннан экспорттық мұнайдың 80% айдалады, ал мұнай – ел бюджетінің негізі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0e/55623332_0:0:1201:900_1920x0_80_0_0_2eb549490d57ea5c94f0e83cab4697e0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
каспий, құбыр
Каспий құбыр консорциумына қажетті жабдықтар Өскеменде шығарылатын болды
Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Астанада "Өскемен арматура зауыты" АҚ мен "Каспий Құбыр Консорциумы-К" АҚ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлады үкімет.
Өнеркәсіптік жабдықтың импортын алмастыру саласындағы құжатқа "Өскемен арматура зауыты" АҚ бас директоры Александр Будрис және Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбан қол қойды.
"Ынтымақтастық бекіткіш арматураның, сорғы агрегаттарының және электр қозғалтқыштарының жергілікті өндірісін дамытуға бағытталған. Сондай-ақ магистральдық мұнай құбыры объектілерінде қолданылатын отандық жабдықты кеңейтуге, қазақстандық ірі құбыр арматурасын өндіруші мен мұнай көлігі инфрақұрылымының негізгі операторларының бірі арасында орнықты кооперацияны қалыптастыруға бағытталған", - деп атап өтті үкімет.
Келісім шеңберінде тараптар "КҚК-К" АҚ-ны қазақстандық тектес жоғары технологиялық материалдармен, жинақтауыштармен және жабдықтармен қамтамасыз етеді. Жабдыққа техникалық қызмет көрсету, жаңғырту және сынауды жүргізуге, сондай-ақ инновациялық технологиялық шешімдерді бірлесіп әзірлеуге және енгізуге ниетті.
Жалпы қуаттылығы жылына 83 миллион тонна мұнайды Каспий құбыр консорциумы мұнай құбыры жүйесі бұл – мұнайды Каспий өңірінен әлемдік нарықтарға тасымалдаудың ең ірі бағыты және Қазақстан үшін негізгі бағыт. КҚК бойынша Қазақстаннан экспорттық мұнайдың 80% айдалады, ал мұнай – ел бюджетінің негізі.