Астанада қай сыныптар қашықтан оқуды жалғастырады

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуШкольник бежит по зимней дороге, архивное фото
Школьник бежит по зимней дороге, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2025
Жазылу
Таңертең Астанада 22-24 градусқа дейін аяз болады деп болжанып отыр
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Астанада бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары 11 желтоқсанда қашықтан оқуды жалғастырады, деп хабарлады қалалық білім басқармасы.
"2025 жылғы 11 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", деп жазылған хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша бейсенбі, 11 желтоқсанда Астанада көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан түнде 3-8 м/с, күндіз 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде 22-24 градус, ал күндіз 10-12 градус аяз болады.
Школьники - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2025
Астанада оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды
Жаңалықтар
0