Алматыда телефонға алаңдаған автобус жүргізушісі бойжеткенді қағып кетті

© Sputnik / Владислав ВодневПешеходы переходят дорогу
Пешеходы переходят дорогу - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2025
Жазылу
Жолаушы жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан
АЛМАТЫ, 10 желтоқсан – Sputnik. Алматыда автобус жүргізушісі телефонға қараймын деп жолаушыны қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 9 желтоқсан сағат 10:54-те Алматы қаласының Алмалы ауданында болған.
"Төле би даңғылымен батыс бағытта келе жатқан автобус жүргізушісі Исаев көшесімен қиылыста 2007 жылы туған қыз баланы қағып кеткен. Ол жолдан өтуге арналған белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан", - дейді қалалық полиция департаменті.
Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жолаушы тасымалдаумен айналысатын жүргізушінің жолда ұялы телефонға алаңдауы – мүлде жол беруге болмайтын әрекет", - дейді ведомство.
Жаңалықтар
0