https://sputnik.kz/20251209/uqshu-parlamenttik-assambleyasynda-terrorizmge-qarsy-kures-turaly-zan-qabyldandy-59463382.html
ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясында терроризмге қарсы күрес туралы заң қабылданды
ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясында терроризмге қарсы күрес туралы заң қабылданды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан делегациясын мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды 09.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-09T14:12+0500
2025-12-09T14:12+0500
2025-12-09T14:13+0500
мәскеу
ұқшұ
заң
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/09/59457275_87:0:1323:695_1920x0_80_0_0_31ebc1a9c47e41d1cd38ed70770e96bb.jpg
АСТАНА, 9 желтоқсан - Sputnik. ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысында Қазақстан дайындаған "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" заңды қабылдады.Ол терроризмге қарсы іс-әрекет саласындағы мемлекеттік органдардың өзара байланысын, ықтимал террористік шабуыл нысандарын қорғау шараларын, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу шарттарын және басқа да мәселелерді реттейді.Қазақстан делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды.Өз сөзінде Ерлан Қошанов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы жаһандық және өңірлік сын-қатерлерге жедел әрі тиімді түрде жауап беріп, Ұйымға мүше барлық елдің мүдделерін ескеріп, шешімдер қабылдануын қамтамасыз етіп отырғанын айтты.Бұдан бөлек, Мәжіліс спикері геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан, биыл халықаралық деңгейде қабылданған бірқатар маңызды шешімге назар аударды.Отырыс барысында ҰҚШҰ ПА Кеңесінің қатысушылары Ассамблеяның осы жылғы қызметін қорытындылап, әртүрлі бағытта қауіпсіздікті нығайтуға арналған жаңа модельдік заңдар мен ұсынымдарды қабылдау жөнінде жоспарлы жұмыс жүргізілді. Олардың қатарында есірткі бизнесімен, киберқылмыспен, трансұлттық терроризммен, адам саудасымен, қаруды заңсыз таратумен және басқа да қылмыс түрлерімен күрес мәселелері бар.Кездесу қорытындысы бойынша парламентшілер Дамушы көпполярлы әлемде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы мәлімдеме қабылдады.
https://sputnik.kz/20251208/uqshu-nyn-birlesken-sayasi-malimdemeleri-alemge-belgi-beredi--putin-59450980.html
мәскеу
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/09/59457275_241:0:1168:695_1920x0_80_0_0_b6776fa8782acea3b43480155013e6b7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәскеу, ұқшұ, заң
ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясында терроризмге қарсы күрес туралы заң қабылданды
14:12 09.12.2025 (жаңартылды: 14:13 09.12.2025) Қазақстан делегациясын мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды
АСТАНА, 9 желтоқсан - Sputnik. ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысында Қазақстан дайындаған "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" заңды қабылдады.
Ол терроризмге қарсы іс-әрекет саласындағы мемлекеттік органдардың өзара байланысын, ықтимал террористік шабуыл нысандарын қорғау шараларын, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу шарттарын және басқа да мәселелерді реттейді.
Қазақстан делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды.
Өз сөзінде Ерлан Қошанов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы жаһандық және өңірлік сын-қатерлерге жедел әрі тиімді түрде жауап беріп, Ұйымға мүше барлық елдің мүдделерін ескеріп, шешімдер қабылдануын қамтамасыз етіп отырғанын айтты.
Бұдан бөлек, Мәжіліс спикері геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан, биыл халықаралық деңгейде қабылданған бірқатар маңызды шешімге назар аударды.
"Олар – Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыстың реттелуі, Газа секторында бітімге келу туралы келісімге қол қойылуы, Қырғызстанның Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қосылуы, сондай-ақ Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында атысты тоқтату жөнінде келісімге қол жеткізілуі", - деп жазылған хабарламада.
Отырыс барысында ҰҚШҰ ПА Кеңесінің қатысушылары Ассамблеяның осы жылғы қызметін қорытындылап, әртүрлі бағытта қауіпсіздікті нығайтуға арналған жаңа модельдік заңдар мен ұсынымдарды қабылдау жөнінде жоспарлы жұмыс жүргізілді. Олардың қатарында есірткі бизнесімен, киберқылмыспен, трансұлттық терроризммен, адам саудасымен, қаруды заңсыз таратумен және басқа да қылмыс түрлерімен күрес мәселелері бар.
Кездесу қорытындысы бойынша парламентшілер Дамушы көпполярлы әлемде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы мәлімдеме қабылдады.