Ұлттық қордың валюталық активі 4,8 млрд долларға өсті - Сүлейменов

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2025
Жазылу
Ал 11 айдағы инвестициялық табыс шамамен 8,2 миллиард долларды немесе 13,7 пайызды құрады
АСТАНА, 9 желтоқсан - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке экономика мен қаржы жүйесінің жай-күйі және биылғы қаңтар-қараша айларында жүргізілген ақша-несие саясатының негізгі бағыттары жөнінде есеп беріліп, 2026 жылға арналған жоспар таныстырылды.
Сүлейменов іскерлік белсенділік, инфляцияға ықпал ететін факторлар және бағаны тұрақтандыру үшін қабылданған шаралар туралы айтты:
Жыл басынан бері Ұлттық қордың валюталық активтері 4,8 миллиард долларға өсті;
11 айдағы инвестициялық табыс шамамен 8,2 миллиард долларды немесе 13,7 пайызды құрады;
Есепті кезеңде алтын-валюта резервтері 16,3 миллиард долларға немесе 36 пайызға ұлғайып, 62,1 миллиард долларға жетті;
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі биыл қаңтар-қараша айларында 2,6 триллион теңгеге немесе 11,7 пайызға артып, 25 триллион теңге болды.
Ұлттық банк басшысы жаппай цифрландыру барысы және Ұлттық банктің цифрлық жобалары жөнінде баяндады. Соның ішінде Антифрод орталықтың жұмысына, ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымдарын технологиялық тұрғыдан жүзеге асыруға мән берілді.
Сүлейменовтың айтуынша, Ұлттық банк баға тұрақтылығын сақтап, инфляцияны орташа 5 пайыздық межеде ұстап тұру үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр.
Мемлекет басшысы инфляцияны төмендетуге, қаржы нарығы мен цифрлық трансформация секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге баса назар аударып, Ұлттық банк қызметіне қатысты бірқатар тапсырма берді.
Теңге мен доллар - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2025
Ұлттық банк теңгенің нығайғанын хабарлады
Жаңалықтар
0