Түркістан облысында бас дәрігер мемлекетке 115 млн теңге шығын келтірді

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өтуАурухана палатасы
Аурухана палатасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2025
Жазылу
Қаражат жымқыру схемасын жүзеге асыру үшін ол медициналық жабдықтарды жеткізу саласында тәжірибесі бар танысын тартқан
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында аудандық аурухананың бас дәрігері қатысқан бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.
"Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы" МКК бұрынғы бас дәрігері медициналық газбен жабдықтау жүйесіне арналған құрылғыларды сатып алу кезінде оларды жасанды түрде бірнеше бөлікке бөліп, кейін көптеген келісімшарттар жасау арқылы сатып алуды ұйымдастырған.
Схеманы жүзеге асыру үшін ол медициналық жабдықтарды жеткізу саласында тәжірибесі бар танысын тартқан.
"Ол өзіне бағынысты, туыстары мен таныстарының атына тіркелген коммерциялық ұйымдарды пайдаланған. Осы компаниялардың атынан әдейі асыра көрсетілген коммерциялық ұсыныстар дайындалған. Сонымен қатар, жабдықты іс жүзінде басқа компания жеткізгенімен, қабылдау актілері мен келісімшарттар бақылауындағы фирмалар арқылы рәсімделген", - деп жазылған хабарламада.
Ауруханадан аталған компаниялардың есепшоттарына қаржы түскеннен кейін күдіктілер қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, өзара бөлген. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 115 млн теңгені құрады.
Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдікті елордадан екі бөлмелі пәтер сатып алған, сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды.
Бұрынғы бас дәрігерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылды, ал оның сыбайласы үй қамақта отыр.
Пәтерді жөндеу - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2025
Шығын 100 млн теңгеден асады: Ақтөбеде тұрғындарды алдаған күдікті ұсталды
Жаңалықтар
0