https://sputnik.kz/20251209/ontustikte-su-tapshylygy-1-mlrd-tekshe-metrge-deyin-zhetui-mumkin-59456879.html
Оңтүстікте су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетуі мүмкін
Оңтүстікте су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Диқандарға су шығыны аз дақылдарға көшу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуі тиіс 09.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-09T10:38+0500
2025-12-09T10:38+0500
2025-12-09T10:39+0500
үкімет
су
астық
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/0e/29314560_0:50:960:590_1920x0_80_0_0_858d4554fbcbe244dc7ded52ccfdecba.jpg
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Алдағы вегетациялық кезеңде оңтүстік өңірлерде суармалы судың тапшылығы 1 млрд текше метрге жетуі мүмкін. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев баяндады.Оның айтуынша, оңтүстік өңірлерде су аз цикл сақталады. Шардара су қоймасына келетін ағын су 43%-ға төмендеді, ал Нарын-Сырдария каскадының ірі резервуарларындағы қорлар былтырғы көрсеткіштерден 3,8 млрд текше метрге төмен. Осыған байланысты суару маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін үкімет су ресурстарын қатаң реттеуге көшуде.Бозымбаев облыс әкімдіктері вегетациялық кезең басталғанға дейін аграршылар арасында су шығыны аз дақылдарға көшу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс екенін айтты.Тәуекелдерді болдырмау үшін ауыл шаруашылығы министрлігі мен су ресурстары және ирригация министрлігі жақын арада суды пайдаланудың нақты лимиттерін анықтайды. Фермерлерге егістіктердің құрылымын өзгерту ұсынылды, көп күтімді қажет етпейтін дақылдарға ден қою қажет. Сондай-ақ, әр облыста ылғал сақтайтын инновациялық препараттарды сынау үшін тәжірибелік учаскелер бөлу жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20250718/qazaqstanda-su-tapshylygy-problemasy-qalay-sheshiledi--video-55751876.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/0e/29314560_53:0:907:640_1920x0_80_0_0_60c04620cc8037fbbb572f0e7e697431.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, су, астық
Оңтүстікте су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетуі мүмкін
10:38 09.12.2025 (жаңартылды: 10:39 09.12.2025) Диқандарға су шығыны аз дақылдарға көшу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуі тиіс
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Алдағы вегетациялық кезеңде оңтүстік өңірлерде суармалы судың тапшылығы 1 млрд текше метрге жетуі мүмкін. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев баяндады.
Оның айтуынша, оңтүстік өңірлерде су аз цикл сақталады. Шардара су қоймасына келетін ағын су 43%-ға төмендеді, ал Нарын-Сырдария каскадының ірі резервуарларындағы қорлар былтырғы көрсеткіштерден 3,8 млрд текше метрге төмен. Осыған байланысты суару маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін үкімет су ресурстарын қатаң реттеуге көшуде.
"2026 жылдың вегетациялық кезеңінде келетін болжамды су ағыны небәрі 1-1,5 млрд текше метрге бағаланып отыр. Бұл 1 млрд текше метрге дейін тапшылық қаупін тудырады. Бірқатар облыста 2025 жылы ылғал көп қажет ететін дақылдарды қысқарту бойынша жоспарлы көрсеткіштер орындалмады", — деді вице-премьер.
Бозымбаев облыс әкімдіктері вегетациялық кезең басталғанға дейін аграршылар арасында су шығыны аз дақылдарға көшу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс екенін айтты.
Тәуекелдерді болдырмау үшін ауыл шаруашылығы министрлігі мен су ресурстары және ирригация министрлігі жақын арада суды пайдаланудың нақты лимиттерін анықтайды. Фермерлерге егістіктердің құрылымын өзгерту ұсынылды, көп күтімді қажет етпейтін дақылдарға ден қою қажет. Сондай-ақ, әр облыста ылғал сақтайтын инновациялық препараттарды сынау үшін тәжірибелік учаскелер бөлу жоспарланып отыр.