https://sputnik.kz/20251208/turkistan-oblysynda-toyda-buryngy-kelinin-urgan-er-adamga-sot-ukimi-shyqty-59447836.html
Түркістан облысында тойда бұрынғы келінін ұрған ер адамға сот үкімі шықты
Түркістан облысында тойда бұрынғы келінін ұрған ер адамға сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Жәбірленуші сотталушыдан материалдық шығын ретінде 700 мың теңге және моральдық шығын 10 млн теңге өндіруді сұрады 08.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-08T18:56+0500
2025-12-08T18:56+0500
2025-12-08T20:54+0500
түркістан облысы
сот үкімі
зорлық-зомбылық
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_8a03a5e84d188cc6fbe8241a28981486.jpg
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында тойда бұрынғы келінін ұрған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.Салдарынан жәбірленушінің мойны, білек және көкірек айналасы көгерген.Прокурор сотталушыға бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші прокурордың ұстанымымен келісіп, сотталушыдан материалдық шығын ретінде 700 мың теңге және моральдық шығын 10 млн теңге өндіруді сұрады.Сот сотталушыға жаза кесу кезінде оның бұрын сотты болмағанын, жасаған ісіне өкінгенін қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды. Ауырлататын мән-жай анықталмады.Сот үкімімен Х.-ға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы кесіліп, 800 мың теңге моральдық зиян және 700 мың теңге өкілдік етуге жұмсалған шығын өндірілді.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20251107/qayyn-atam-zorlady-aqtobede-ayel-politsiyaga-shagym-tusirdi-58550048.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_2f479df69fc3c0eb32e28fd83512ed33.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, сот үкімі, зорлық-зомбылық
түркістан облысы, сот үкімі, зорлық-зомбылық
Түркістан облысында тойда бұрынғы келінін ұрған ер адамға сот үкімі шықты
18:56 08.12.2025 (жаңартылды: 20:54 08.12.2025) Жәбірленуші сотталушыдан материалдық шығын ретінде 700 мың теңге және моральдық шығын 10 млн теңге өндіруді сұрады
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында тойда бұрынғы келінін ұрған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
"Сотталушы Х. 31.08.2025 жылы сағат 21:23 шамасында Төлеби ауданында орналасқан "Зағамбар" тойханасында бұрынғы келіні – жәбірленуші Т.-ның тойда өлең айтып тұрғанын көріп, оған күш қолданған", - деп жазылған хабарламада.
Салдарынан жәбірленушінің мойны, білек және көкірек айналасы көгерген.
Прокурор сотталушыға бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші прокурордың ұстанымымен келісіп, сотталушыдан материалдық шығын ретінде 700 мың теңге және моральдық шығын 10 млн теңге өндіруді сұрады.
"Сотталушы жалпы болған жәйтты жоққа шығармай, оған өкініп, тек тағылған айыппен келіспей, өзінің әрекетін Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 2-бөлігінің 5) тармағына саралап, айыппұл салуды сұрады", - дейді облыстық сот.
Сот сотталушыға жаза кесу кезінде оның бұрын сотты болмағанын, жасаған ісіне өкінгенін қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды. Ауырлататын мән-жай анықталмады.
Сот үкімімен Х.-ға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы кесіліп, 800 мың теңге моральдық зиян және 700 мың теңге өкілдік етуге жұмсалған шығын өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.