https://sputnik.kz/20251208/toqaev-palestina-prezidentin-astanaga-saparmen-keluge-shaqyrdy-59446617.html
Тоқаев Палестина президентін Астанаға сапармен келуге шақырды
Тоқаев Палестина президентін Астанаға сапармен келуге шақырды
Sputnik Қазақстан
Махмұд Аббас елі мен халқына ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты 08.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-08T17:37+0500
2025-12-08T17:37+0500
2025-12-08T17:37+0500
қасым-жомарт тоқаев
палестина
https://sputnik.kz/img/966/74/9667493_31:0:2916:1623_1920x0_80_0_0_a25ace30631e7dee159bf2cc5ab62666.jpg
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина президенті Махмұд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.Президенттер әңгімелесу барысында Қазақстан және Палестина арасындағы достық, өзара құрмет пен қолдауға негізделген қарым-қатынасты одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті.Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуалды реттеу жөнінде пікір алмасты.Қазақстан президенті "Қос халық үшін екі мемлекет" формуласына сүйене отырып, аймақта тезірек бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған жаһандық әрекеттерді қуаттайтынын жеткізді.Палестина басшысы Махмұд Аббас елі мен халқына ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанның әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту ісінде айрықша рөл атқаратынына назар аударды.Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббасты өзіне қолайлы уақытта Астанаға сапармен келуге шақырды.
https://sputnik.kz/20250926/palestina-briks-ke-kiruge-otinish-berdi-57387259.html
палестина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/966/74/9667493_391:0:2555:1623_1920x0_80_0_0_d0771ef446edb8a97c57c7780d7583ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, палестина
қасым-жомарт тоқаев, палестина
Тоқаев Палестина президентін Астанаға сапармен келуге шақырды
Махмұд Аббас елі мен халқына ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина президенті Махмұд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Президенттер әңгімелесу барысында Қазақстан және Палестина арасындағы достық, өзара құрмет пен қолдауға негізделген қарым-қатынасты одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті.
"Мемлекеттер басшылары саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастықты кеңейту перспективасын талқылады", - деп жазылған хабарламада.
Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуалды реттеу жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан президенті "Қос халық үшін екі мемлекет" формуласына сүйене отырып, аймақта тезірек бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған жаһандық әрекеттерді қуаттайтынын жеткізді.
Палестина басшысы Махмұд Аббас елі мен халқына ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанның әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту ісінде айрықша рөл атқаратынына назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббасты өзіне қолайлы уақытта Астанаға сапармен келуге шақырды.