https://sputnik.kz/20251208/qostanay-turgyny-litsenziyasyz-qyzmet-korsetken-salonnan-12-tengesin-qaytaryp-aldy-59429850.html
Қостанай тұрғыны лицензиясыз қызмет көрсеткен салоннан 1,2 теңгесін қайтарып алды
Қостанай тұрғыны лицензиясыз қызмет көрсеткен салоннан 1,2 теңгесін қайтарып алды
Sputnik Қазақстан
Алайда уәде етілген нәтижені көрмегендіктен келісімді бұзу және ақшаны толық қайтару туралы салон әкімшілігіне талап қойған 08.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-08T10:25+0500
2025-12-08T10:25+0500
2025-12-08T10:32+0500
қостанай
тұтынушылар
сот
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0b/23448463_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_de8c35804254f95d6a081cb02484bf65.jpg
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Қостанайлық тұрғынға лицензиясы жоқ салонның қызметінен кейін 1,2 млн теңгесі қайтарылды, деп хабарлады сауда және интеграция министрлігі.2025 жылдың жазында Қостанай қаласының тұрғыны консультативтік-диагностикалық және дерматокосметологиялық қызмет үшін салонға 1,2 млн теңге төлеген. Алайда уәде етілген нәтижені көрмегендіктен келісімді бұзу және ақшаны толық қайтару туралы салон әкімшілігіне талап қойған.Салон бұл талап арызға жауап бермеген, сондықтан ол тұтынушылар құқығын қорғау және сауда департаментіне жүгінген.Сот барысында салонның дерматокосметологиялық процедураларды лицензиясыз өткізгені анықталды, себебі бұл қызметтер медициналық қызметтер қатарына жатады. Сот салонды тұтынушыға барлық төленген соманы қайтаруға міндеттеді.
https://sputnik.kz/20251130/aqtobede-klient-taksi-zhurgizushisine-aqshasyn-bermey-koligin-aydap-ketken-59241967.html
қостанай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0b/23448463_0:0:1083:812_1920x0_80_0_0_af356f11ad7a2d0d138768118e6e48f1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай, тұтынушылар, сот
қостанай, тұтынушылар, сот
Қостанай тұрғыны лицензиясыз қызмет көрсеткен салоннан 1,2 теңгесін қайтарып алды
10:25 08.12.2025 (жаңартылды: 10:32 08.12.2025) Алайда уәде етілген нәтижені көрмегендіктен келісімді бұзу және ақшаны толық қайтару туралы салон әкімшілігіне талап қойған
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Қостанайлық тұрғынға лицензиясы жоқ салонның қызметінен кейін 1,2 млн теңгесі қайтарылды, деп хабарлады сауда және интеграция
министрлігі.
2025 жылдың жазында Қостанай қаласының тұрғыны консультативтік-диагностикалық және дерматокосметологиялық қызмет үшін салонға 1,2 млн теңге төлеген. Алайда уәде етілген нәтижені көрмегендіктен келісімді бұзу және ақшаны толық қайтару туралы салон әкімшілігіне талап қойған.
Салон бұл талап арызға жауап бермеген, сондықтан ол тұтынушылар құқығын қорғау және сауда департаментіне жүгінген.
"Департаменттің тексерісі салонның талап арызға жауап бермегенін анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар келісімшартқа тұтынушылардың құқықтарын шектейтін шарттарды, оның ішінде ақшаны қайтармау туралы ережені алып тастау жөнінде нұсқама берілді. Тұтынушыға сотқа жүгіну ұсынылды", - деп жазылған хабарламада.
Сот барысында салонның дерматокосметологиялық процедураларды лицензиясыз өткізгені анықталды, себебі бұл қызметтер медициналық қызметтер қатарына жатады. Сот салонды тұтынушыға барлық төленген соманы қайтаруға міндеттеді.