Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Нидерланды 2026 жылы Украинаға 700 млн еуро көлемінде көмек бөледі

© AP Photo / Emilio Morenatti Киев
 Киев   - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2025
Жазылу
Үкімет бұл ұсынысты жүзеге асыру бойынша қосымша шараларды 2026 жылдың басында қарастырады
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Нидерланды 2026 жылы Украинаға қосымша 700 миллион еуро көлемінде әскери көмек бөледі, деп жазылған министрлер кабинетінің парламентке жолдаған хатында.
Бұған дейін Нидерланды парламентінің мүшелері "Жасыл солшылдар"/Еңбек партиясының (GroenLinks-PvdA) жетекшісі Йессе Клавердің ұсынысы бойынша министрлер кабинетінен Украинаға әскери қолдау көрсету үшін қосымша 2 миллиард еуро бөлуді сұраған болатын.
"Бұл ұсынысты жүзеге асырудың алғашқы қадамы ретінде... Украинаны қолдауға барлығы 700 миллион еуро жұмсалады", - делінген министрлер кабинетінің ұсынысқа берген жауабында.
Үкімет бұл ұсынысты жүзеге асыру бойынша қосымша шараларды 2026 жылдың басында қарастырады.
Бұған дейін Нидерланды премьер-министрі Дик Схоф 2026 жылы Украинаға тағы да 3,5 миллиард еуро көлемінде көмек бөлетінін мәлімдеген болатын. Киевке көрсетілген әскери көмек көлемі шамамен 8,7 миллиард еуроға жетті.
Нидерланды үкіметі 2022 жылдан бері Украинаға әскери қолдау көрсетуге шамамен 13,6 миллиард еуро бөлді.
Жаңалықтар
0