https://sputnik.kz/20251208/beyimdeu-ortalygynda-er-adamdy-soqqyga-zhyqqan-qyzmetker-sottaldy-59443235.html
Бейімдеу орталығында ер адамды соққыға жыққан қызметкер сотталды
Бейімдеу орталығында ер адамды соққыға жыққан қызметкер сотталды
Sputnik Қазақстан
Сотта санитар өз кінәсін мойындамай, әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрады 08.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-08T14:47+0500
2025-12-08T14:47+0500
2025-12-08T14:47+0500
қостанай
сот
соққы
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_42:0:1100:595_1920x0_80_0_0_b6e314f20651fbdc34e252e06ec51848.jpg
АСТАНА, 8 желтоқсан - Sputnik. Қостанай қаласы №2 сотында бейімдеу орталығында ер адамды соққыға жыққан қызметкерге үкім шықты.Сотта анықталғандай, оқиға биыл 27 шілдеде шамамен 18:30-да Қостанай қаласындағы уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында болған.Сотта санитар өз кінәсін мойындамай, әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрады.Жәбірленуші мен оның өкілі қатаң жаза тағайындап, талапты қанағаттандыруды сұрады.Сот сотталушының жеке басын, жасалған қылмыстың ауырлығын, жәбірленушіге келтірілген зиянды өтеу жөнінде шаралар қабылдамағанын ескере отырып, әлеуметтік әділеттілік пен түзелу мақсатында оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.Сонымен қатар 5 жыл мерзімге науқастарға күтім жасауға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды.Жәбірленушінің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден моральдық зиян өндіру белгіленді.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20250924/qostanaydagy-beyimdeu-ortalygynda-er-adam-soqqyga-zhygylyp-buyreginen-ayyryldy-57338565.html
қостанай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_248:0:1041:595_1920x0_80_0_0_1140501ab4d76e5b56fa475137a5e0a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай, сот, соққы
Бейімдеу орталығында ер адамды соққыға жыққан қызметкер сотталды
Сотта санитар өз кінәсін мойындамай, әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрады
АСТАНА, 8 желтоқсан - Sputnik. Қостанай қаласы №2 сотында бейімдеу орталығында ер адамды соққыға жыққан қызметкерге үкім шықты.
Сотта анықталғандай, оқиға биыл 27 шілдеде шамамен 18:30-да Қостанай қаласындағы уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында болған.
"Орталықтың палатасында санитар жәбірленуші ер адамға жеке бас араздығы негізінде, қасақана, оң аяғымен басынан бір рет және денесіне үш рет соққы жасаған. Бұл оның өміріне қауіпті ауыр жарақат алуына себеп болған", - деп жазылған хабарламада.
Сотта санитар өз кінәсін мойындамай, әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрады.
Жәбірленуші мен оның өкілі қатаң жаза тағайындап, талапты қанағаттандыруды сұрады.
Сот сотталушының жеке басын, жасалған қылмыстың ауырлығын, жәбірленушіге келтірілген зиянды өтеу жөнінде шаралар қабылдамағанын ескере отырып, әлеуметтік әділеттілік пен түзелу мақсатында оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар 5 жыл мерзімге науқастарға күтім жасауға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Жәбірленушінің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден моральдық зиян өндіру белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.