https://sputnik.kz/20251208/600-mlrd-tengeni-qamtygan-onlayn-kazino-skhemasy-anyqtaldy--59433708.html
600 млрд теңгені қамтыған онлайн-казино схемасы анықталды
600 млрд теңгені қамтыған онлайн-казино схемасы анықталды
Sputnik Қазақстан
Құқыққа қарсы әрекетке 20-дан астам төлем ұйымы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің жекелеген лауазымды тұлғалары тартылған 08.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-08T11:47+0500
2025-12-08T11:47+0500
2025-12-08T11:49+0500
қаржы нарығы
шетел
құмар ойын
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/08/59432212_0:0:498:280_1920x0_80_0_0_ba3ae4aa8b101f4822b38758f1003b4d.jpg
АСТАНА, 8 желтоқсан - Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз ойын бизнесін тоқтату аясында трансшекаралық аударымдардың ауқымды схемасы әшкерледі.Құқыққа қарсы әрекетке 20-дан астам төлем ұйымы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің жекелеген лауазымды тұлғалары тартылған.Ведомство хабарлауынша, ақша төлем ұйымдары арқылы өткізіліп, заңды операциялар ретінде жасырынып, онлайн-казиноның пайдасына шығарылған. Схеманы жүзеге асыру үшін финтех-сервистердің иелері букмекерлік кеңселермен жасалған жалған шарттар негізінде алынған "сұр" POS-терминалдар мен Terminal ID қолданған.Сонымен қатар төрт онлайн-казиноға техникалық қолдау көрсетіп, ақша операциялары бойынша кеңес берген Call-орталықтың қызметі тоқтатылды. Оның заңсыз жұмысына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Испания және Вьетнам азаматтарынан құралған 120 адам тартылған.Бұдан бөлек, Call-орталық ұйымдастырушылары криптовалюта арқылы қаражат қабылдап, шығаруды жүзеге асырған гемблинг негізіндегі серіктестік бағдарламасын құрған. Оның айналымы 200 млн доллардан асып түсті.
https://sputnik.kz/20251202/aqtobede-mugalim-qarzhy-piramidasyn-uyymdastyrgan-59262119.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/08/59432212_71:0:444:280_1920x0_80_0_0_e58e5318bd54ac2c32ce7f850235524b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы нарығы, шетел, құмар ойын
қаржы нарығы, шетел, құмар ойын
600 млрд теңгені қамтыған онлайн-казино схемасы анықталды
11:47 08.12.2025 (жаңартылды: 11:49 08.12.2025) Құқыққа қарсы әрекетке 20-дан астам төлем ұйымы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің жекелеген лауазымды тұлғалары тартылған
АСТАНА, 8 желтоқсан - Sputnik. Қаржылық мониторинг
агенттігі заңсыз ойын бизнесін тоқтату аясында трансшекаралық аударымдардың ауқымды схемасы әшкерледі.
Құқыққа қарсы әрекетке 20-дан астам төлем ұйымы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің жекелеген лауазымды тұлғалары тартылған.
Ведомство хабарлауынша, ақша төлем ұйымдары арқылы өткізіліп, заңды операциялар ретінде жасырынып, онлайн-казиноның пайдасына шығарылған. Схеманы жүзеге асыру үшін финтех-сервистердің иелері букмекерлік кеңселермен жасалған жалған шарттар негізінде алынған "сұр" POS-терминалдар мен Terminal ID қолданған.
"Қазіргі уақытта заңсыз операциялардың анықталған көлемі 600 млрд теңгеден асады", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар төрт онлайн-казиноға техникалық қолдау көрсетіп, ақша операциялары бойынша кеңес берген Call-орталықтың қызметі тоқтатылды. Оның заңсыз жұмысына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Испания және Вьетнам азаматтарынан құралған 120 адам тартылған.
Бұдан бөлек, Call-орталық ұйымдастырушылары криптовалюта арқылы қаражат қабылдап, шығаруды жүзеге асырған гемблинг негізіндегі серіктестік бағдарламасын құрған. Оның айналымы 200 млн доллардан асып түсті.