https://sputnik.kz/20251207/ozbekstandagy-terminaldar-qazaqstandyq-astyqqa-lyq-tolgan--kolik-ministrligi-59412125.html
Өзбекстандағы терминалдар қазақстандық астыққа лық толған
Өзбекстандағы терминалдар қазақстандық астыққа лық толған
Sputnik Қазақстан
Орталық Азия елдеріне тасымал көлемі 32% өсті 07.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-07T10:02+0500
2025-12-07T10:02+0500
2025-12-07T10:08+0500
астық
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/old/977/93/9779387_0:154:3009:1846_1920x0_80_0_0_cd4be0fe15071202da6d868df78c8136.jpg
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттеріне жөнелтілген астық көлемі 5,6 млн тоннаны құрады, деп хабарлады Көлік министрлігі.Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32%-ға көп. Тек қараша айында экспортқа 1,2 млн тоннадан астам астық жөнелтілді, оның шамамен 0,7 млн тоннасы Орталық Азия елдері бағытына тиесілі.Өзбекстан тарапындағы өткізу және өңдеу мүмкіндіктерін ескере отырып, астық экспортын ұйымдастыруға қатысты нақтыланған шешімдерді әзірлеу мақсатында Өзбекстан теміржолдарымен келісім бойынша 8–9 желтоқсанда Сарыағаш және Ташкент қалаларында бірлескен кеңес өткізу туралы шешім қабылданды.Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан үкіметі астық экспортына қосымша 7 млрд теңге бөлген болатын. Қаражат көлік шығынын субсидиялап, мемлекеттің міндеттемелерін толық орындауға, сондай-ақ басымдыққа ие шетелдік нарықтарға жеткізуді одан әрі ынталандыруға бағытталады.
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/977/93/9779387_170:0:2837:2000_1920x0_80_0_0_cb6e95bc22a99b8b8a45c85d0dbb1361.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық, өзбекстан
Өзбекстандағы терминалдар қазақстандық астыққа лық толған
10:02 07.12.2025 (жаңартылды: 10:08 07.12.2025) Орталық Азия елдеріне тасымал көлемі 32% өсті
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттеріне жөнелтілген астық көлемі 5,6 млн тоннаны құрады, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32%-ға көп. Тек қараша айында экспортқа 1,2 млн тоннадан астам астық жөнелтілді, оның шамамен 0,7 млн тоннасы Орталық Азия елдері бағытына тиесілі.
"Аталған бағыттағы өткізу көлемінің артуы Өзбекстан Республикасындағы қабылдау терминалдарының шамадан тыс жүктелуіне алып келді. Бұл өз кезегінде екі елдің көлік әкімшіліктері арасында жедел және келісілген шаралар қабылдауды талап етеді", - деп атап өтті ведомство.
Өзбекстан тарапындағы өткізу және өңдеу мүмкіндіктерін ескере отырып, астық экспортын ұйымдастыруға қатысты нақтыланған шешімдерді әзірлеу мақсатында Өзбекстан теміржолдарымен келісім бойынша 8–9 желтоқсанда Сарыағаш және Ташкент қалаларында бірлескен кеңес өткізу туралы шешім қабылданды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан үкіметі астық экспортына қосымша 7 млрд теңге бөлген болатын. Қаражат көлік шығынын субсидиялап, мемлекеттің міндеттемелерін толық орындауға, сондай-ақ басымдыққа ие шетелдік нарықтарға жеткізуді одан әрі ынталандыруға бағытталады.