https://sputnik.kz/20251207/kellog-ukraina-dagdarysyn-sheshudegi-negizgi-maselelerdi-atady-59415285.html
Келлог Украина дағдарысын шешудегі негізгі мәселелерді атады
Келлог Украина дағдарысын шешудегі негізгі мәселелерді атады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлог Украина дағдарысын шешу аясында Запорожье АЭС мен ДХР-дың кімге тиесілі болатынына... 07.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-07T15:00+0500
2025-12-07T15:00+0500
2025-12-07T15:00+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/02/01/50475018_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_4d5b59289f7752dc16b590a3ef261b34.jpg
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлог Украина дағдарысын шешу аясында Запорожье АЭС мен ДХР-дың кімге тиесілі болатынына қатысты мәселелер басты тақырып болып отырғанын, ал оларды шешкен жағдайда "қалғаны жылдам реттелетінін" мәлімдеді.Бұған дейін Келлог АҚШ Украинадағы қақтығысты реттеуге "екі-ақ қадам" қалды деп айтқан болатын.АҚШ әкімшілігі бұған дейін Украина мәселесін реттеуге бағытталған жоспар әзірлеп жатқанын, бірақ жұмыс әлі жүріп жатқандықтан оның егжей-тегжейін талқыламайтынын хабарлаған. Кремль Ресейдің келіссөзге ашық екенін мәлімдеді.Ресей президенті Владимир Путин 21 қарашада РФ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде АҚШ жоспары түпкілікті бейбіт реттеудің негізіне айналуы мүмкін екенін, алайда бұл мәтінді Ресей әлі нақты талқыламағанын айтты.
https://sputnik.kz/20251207/makron-zelenskiymen-soylesti-59412013.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/01/50475018_337:0:1777:1080_1920x0_80_0_0_c32b5be04041254fd5bd0a974adca309.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Келлог Украина дағдарысын шешудегі негізгі мәселелерді атады
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлог Украина дағдарысын шешу аясында Запорожье АЭС мен ДХР-дың кімге тиесілі болатынына қатысты мәселелер басты тақырып болып отырғанын, ал оларды шешкен жағдайда "қалғаны жылдам реттелетінін" мәлімдеді.
Бұған дейін Келлог АҚШ Украинадағы қақтығысты реттеуге "екі-ақ қадам" қалды деп айтқан болатын.
"Меніңше, барлығы бірнеше мәселеге тіреліп тұр… Донецк… және қазіргі уақытта тоқтату режимінде тұрған, бірақ өте ірі атом электр станциясы болып саналатын Запорожье АЭС-і. Егер біз осы екі мәселені реттей алсақ, қалғаны өз орнына келеді деп ойлаймын", – деді Келлог Калифорниядағы Рональд Рейган атындағы ұлттық қорғаныс форумында сөйлеген сөзінде.
АҚШ әкімшілігі бұған дейін Украина мәселесін реттеуге бағытталған жоспар әзірлеп жатқанын, бірақ жұмыс әлі жүріп жатқандықтан оның егжей-тегжейін талқыламайтынын хабарлаған. Кремль Ресейдің келіссөзге ашық екенін мәлімдеді.
Ресей президенті Владимир Путин 21 қарашада РФ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде АҚШ жоспары түпкілікті бейбіт реттеудің негізіне айналуы мүмкін екенін, алайда бұл мәтінді Ресей әлі нақты талқыламағанын айтты.