https://sputnik.kz/20251206/turkistan-oblysynda-basqarma-basshysy-tobeleskeni-ushin-zhumystan-bosatyldy-59406518.html
Түркістан облысында басқарма басшысы төбелескені үшін жұмыстан босатылды
Түркістан облысында басқарма басшысы төбелескені үшін жұмыстан босатылды
Sputnik Қазақстан
Желіде Шымкенттегі шенеуніктің төбелескен видеосы тараған еді 06.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-06T19:32+0500
2025-12-06T19:32+0500
2025-12-06T19:32+0500
түркістан облысы
шенеунік
https://sputnik.kz/img/1260/22/12602212_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_41926ce82764624ba53ae53a8aeb9227.jpg
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы жұмыстан босатылатынын хабарлады.Желіде Шымкенттегі шенеуніктің төбелескен видеосы тараған, қоғамда резонанс тудырған еді.Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті жуырда әлеуметтік желіде қоғамдық резонанс тудырған, мемлекеттік қызметшінің қатысуымен болған төбелес оқиғасына байланысты тиісті қызметтік тексеріс жүргізді.Әдеп жөніндегі кеңес Жалықұл тарапынан болған тұрпайы, қоғамға жат мінез-құлықты, сондай-ақ мемлекеттік органның беделін түсіретін әрекет жасау арқылы жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларды бұзу фактісін анықтады.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/22/12602212_169:0:1669:1125_1920x0_80_0_0_51f473d4f357d4fa924585a7455ab4ac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, шенеунік
түркістан облысы, шенеунік
Түркістан облысында басқарма басшысы төбелескені үшін жұмыстан босатылды
Желіде Шымкенттегі шенеуніктің төбелескен видеосы тараған еді
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы жұмыстан босатылатынын хабарлады.
Желіде Шымкенттегі шенеуніктің төбелескен видеосы тараған, қоғамда резонанс тудырған еді.
Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті жуырда әлеуметтік желіде қоғамдық резонанс тудырған, мемлекеттік қызметшінің қатысуымен болған төбелес оқиғасына байланысты тиісті қызметтік тексеріс жүргізді.
"5 желтоқсан күні агенттіктің Түркістан облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесі тиісті шешім қабылдады. Кеңес шешімімен Түркістан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы С.Жалықұлға қатысты қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін "атқарып отырған лауазымынан босату" түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды", - делінген агенттік хабарламасында.
Әдеп жөніндегі кеңес Жалықұл тарапынан болған тұрпайы, қоғамға жат мінез-құлықты, сондай-ақ мемлекеттік органның беделін түсіретін әрекет жасау арқылы жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларды бұзу фактісін анықтады.