https://sputnik.kz/20251205/shygys-qazaqstanda-vandaldar-mangilik-alauda-tauyq-pisirgen-59363573.html
Шығыс Қазақстанда вандалдар Мәңгілік алауда тауық пісірген
Шығыс Қазақстанда вандалдар Мәңгілік алауда тауық пісірген
Sputnik Қазақстан
Полиция кінәлілерді іздеп жатыр 05.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-05T10:16+0500
2025-12-05T10:16+0500
2025-12-05T10:16+0500
риддер
вандализм
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/05/59359561_0:131:780:570_1920x0_80_0_0_e7b9c975a5c0bcd0678a2b33fea1722c.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында белгісіз біреулер Мәңгілік алауда тауық етін пісірген.Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Жергілікті жаңалықтар порталының хабарлауынша, тамақ қалдықтарын қала тұрғыны Даңқ ескерткішінің жанынан өтіп бара жатып тапқан. Піскен етті қоқысқа тастап, әкімдікке барып шағымданған.Жергілікті билік бұл жерді тазартқанымен күйген дақтар әлі бар. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаға қатысты түсініктеме берді.Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті тарих және мәдениет ескерткіштерін, ғимараттар мен құрылыстарды қорлағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.Риддердегі Даңқ ескерткіші 1975 жылы орнатылған. Мемориал тақтада Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан 5 мыңнан астам жауынгердің есімі жазылған.
риддер
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/05/59359561_0:0:780:585_1920x0_80_0_0_fc072681570586cc8fddf7c712b3c618.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
риддер, вандализм
Шығыс Қазақстанда вандалдар Мәңгілік алауда тауық пісірген
Полиция кінәлілерді іздеп жатыр
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында белгісіз біреулер Мәңгілік алауда тауық етін пісірген.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Жергілікті жаңалықтар порталының хабарлауынша, тамақ қалдықтарын қала тұрғыны Даңқ ескерткішінің жанынан өтіп бара жатып тапқан. Піскен етті қоқысқа тастап, әкімдікке барып шағымданған.
Жергілікті билік бұл жерді тазартқанымен күйген дақтар әлі бар. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Бұл іс Риддер қаласының полиция бөлімінде тіркелген. Қазіргі уақытта құқық бұзушылар іздестіріліп жатыр. Табылған бойда сөзсіз жауапқа тартылады. Полиция қызметкерлері аумақты тексеріп, бейнебақылау жүйелерінің жазбаларын зерттеп жатыр, куәгерлерді анықтап, сұрастыруға кірісті", - деп хабарлады полиция.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті тарих және мәдениет ескерткіштерін, ғимараттар мен құрылыстарды қорлағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Риддердегі Даңқ ескерткіші 1975 жылы орнатылған. Мемориал тақтада Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан 5 мыңнан астам жауынгердің есімі жазылған.