Алматыда жүргізуші көліктерді қағып өтіп, тоқтамай кетті (ВИДЕО)

© Photo : Pixabay / Pexels Мужчина за рулем
Мужчина за рулем  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2025
Жазылу
Қашып кетуге жолаушы кеңес берген
АЛМАТЫ, 5 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысы Бостандық ауданында қасақана жол ережесін бұзған жүргізуші іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода көлік жүргізуші мен қасындағы жолаушының әрекеті түсіп қалған.
Олар жоғары жылдамдықпен жол бойындағы көліктерді қағып өтіп, бой тасалауға тырысады. Бейнежазбада жолаушы жүргізушіге ұстатпай кетуге кеңес беріп отыр.
Аталған дерек бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр.
"Көлік жүргізушісінің жеке басы және оның жасаған құқық бұзушылықтарының барлық мән-жайы анықталып, заң талаптарына сәйкес құқықтық баға беріледі", - дейді ведомство.
Жаңалықтар
0