Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинаның НАТО-ға қосылуы қауіпсіздікке төнген қатер - Путин

© POOL / Медиабанкке өтуВладимир Путин
Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2025
Жазылу
Ресей президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты реттеуге барын салып жатқанына сенімді екенін айтты
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Украина НАТО-ға қосылу өзіне пайдалы болады деп санайды деп мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Украина НАТО-ға қосылу өзіне пайдалы болады деп санайды, ал біз бұл біздің қауіпсіздігімізге қауіп төндіретінін айтамыз", - деді Ресей басшысы India Today басылымына берген сұхбатында.
Сонымен қатар Ресей президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты реттеуге барын салып жатқанына сенімді екенін айтты.
"Тағы да қайталаймын. Мен Трамптың бейбіт келісімге шын жүректен ұмтылатынына сенімдімін. АҚШ және Трамптың әскери әрекеттерді тоқтатуға және одан әрі адам шығынының алдын алуға шын жүректен ұмтылатындықтан, бұған әртүрлі себептері болуы мүмкін", - деді Путин.
Владимир Путин Үндістанға елдің премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен барды. Сапар алдында Ресей басшысы үндістандық журналистерге сұхбат берді.
Российско-украинские переговоры в Беларуси - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей АҚШ-тың Украинаға қатысты жоспарын талқылауға дайын – Путин
Жаңалықтар
0