https://sputnik.kz/20251204/qaragandyda-mugedek-adamdy-qayyr-surauga-mazhburlegenderdin-zhazasy-zhenildedi-59311746.html
Қарағандыда мүгедек адамды қайыр сұрауға мәжбүрлегендердің жазасы жеңілдеді
Қарағандыда мүгедек адамды қайыр сұрауға мәжбүрлегендердің жазасы жеңілдеді
Sputnik Қазақстан
Сот алқасы сотталғандар мен олардың адвокаттарының шағымын қарап, үкімді өзгертті 04.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-04T08:37+0500
2025-12-04T08:37+0500
2025-12-04T08:37+0500
қарағанды облысы
мүгедек
қайыршы
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_974041005514cf0b20fba383cdfc1341.jpg
АЛМАТЫ, 4 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды облысында мүгедек жанға қайыр сұратқандардың жазасы жеті айдан соң жеңілдетілді, деп хабарлайды Қарағанды облысының соты.Тергеу материалына сәйкес қылмысты ұйымдастырушы 2015 жылы қол-аяғы жоқ жанға қала орталығында қайыр сұратқан. Ақшасын өзі алып отырған. Тіпті әйелі екеуіне күш көрсетіп, балаларын тартып алып, туыстарына берген.Мүгедек жанды қайыр сұрауға мәжбүрлеген үш ер адам мен бір әйелге қатысты сот үкімі биыл мамырда шыққан болатын.Сот алқасы сотталғандар мен олардың адвокаттарының шағымын қарап, үкімді өзгертті. Нәтижесінде топ құрамындағы іс-әрекеттер, сондай-ақ өмір мен денсаулыққа қауіпті зорлық-зомбылықты қолдану дәлелденбегені анықталды."Бас айыпталушы рецидивті ескере отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған қатысушыларға мерзім екі есеге қысқарып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды", - дейді ведомство.
https://sputnik.kz/20250307/qamanyzdarshy-turkistan-oblysynda-6-adam-mugedek-zhigitti-zorlady-degen-kudikke-ilindi-51413209.html
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, мүгедек, қайыршы
қарағанды облысы, мүгедек, қайыршы
Қарағандыда мүгедек адамды қайыр сұрауға мәжбүрлегендердің жазасы жеңілдеді
Сот алқасы сотталғандар мен олардың адвокаттарының шағымын қарап, үкімді өзгертті
АЛМАТЫ, 4 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды облысында мүгедек жанға қайыр сұратқандардың жазасы жеті айдан соң жеңілдетілді, деп хабарлайды Қарағанды облысының соты.
Тергеу материалына сәйкес қылмысты ұйымдастырушы 2015 жылы қол-аяғы жоқ жанға қала орталығында қайыр сұратқан. Ақшасын өзі алып отырған. Тіпті әйелі екеуіне күш көрсетіп, балаларын тартып алып, туыстарына берген.
Мүгедек жанды қайыр сұрауға мәжбүрлеген үш ер адам мен бір әйелге қатысты сот үкімі биыл мамырда шыққан болатын.
"Бірінші сатыдағы сот топты ұйымдастырушыға 17 жылға, оның қатысушыларына 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сотталғандар апелляциялық шағым түсірді", - деп жазылған хабарламада.
Сот алқасы сотталғандар мен олардың адвокаттарының шағымын қарап, үкімді өзгертті. Нәтижесінде топ құрамындағы іс-әрекеттер, сондай-ақ өмір мен денсаулыққа қауіпті зорлық-зомбылықты қолдану дәлелденбегені анықталды.
"Бас айыпталушы рецидивті ескере отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған қатысушыларға мерзім екі есеге қысқарып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды", - дейді ведомство.