https://sputnik.kz/20251204/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-4-zheltoqsan-59327188.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 4 желтоқсан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 4 желтоқсан
Sputnik Қазақстан
4 желтоқсанда не болғанын білесіз бе? 04.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-04T00:01+0500
2025-12-04T00:01+0500
2025-12-04T00:01+0500
танымал есімдер
қызықты деректер
танымал тұлғалар
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
https://sputnik.kz/img/1209/09/12090944_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_d8193c28a1a35eb7e92314f5f835f7d3.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.4 желтоқсанда қандай қызықты оқиға болдыБүгін балалардың сүйікті мерекелерінің бірі – Аяз атаға сыйлыққа тапсырыс беру күні. Бұл күні тілалғыш және тәрбиелі балалар ертегі кейіпкеріне хат жазып, Жаңа жылға қандай сыйлық алғысы келетінін айтады. Балақайлардың көбі Аяз атаның барына сенеді. Алайда есейіп, ержеткенде мұның тек ертегі екенін түсінеді. Десе де, әр үйде Аяз атаның көмекшілері бар, олар әке мен шеше, басқа да туысқандар. Бұл жандар жаңа жыл түні жақындағанда Аяз атаның кейпіне еніп, кішкентайларды қуантуға тырысады.4 желтоқсанға тұспа-тұс келген тағы бір керемет мереке – Халықаралық құшақтасу күні. Бүгін қалаған адамыңызды еш себепсіз құшақтауға болады. Тіпті бір кездері Ұлыбританияда құшақтасуден рекорд орнатылған. Ерекше байқау кезінде алты жұп 24 сағат және 44 минут бойы құшақтасқан еді.Бұған қоса, бүгін Ресейде бейресми түрде Информатика күні аталып өтеді. 1948 жылы КСРО-да дәл осы күні Брук пен Рамеев ойлап тапқан сандық электронды есептеуіш машинасы тіркелді.4 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар1674 жылы француз иезуиттері Чикагоның негізін қалады;1707 жылы Мәскеуде Н.Н.Бурденко атындағы бас әскери клиникалық госпиталінің негізі қаланды;1946 жылы АЗЛК зауытында алғашқы "Москвич-400" маркалы жеңіл автокөлігі шығарылды;1948 жылы КСРО-да сандық электронды есептеуіш машина патенттелді.4 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1996 жылы Ақмола аграрлық университетіне белгілі жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфулиннің есімі берілді;2005 жылы Қазақстан президентінің сайлауы өтті;2012 жылы Астанада жаңа электровоз жасау зауыты ашылды.4 желтоқсанда әлемде туған танымал тұлғалар1795 жылы британиялық жазушы, публицист, тарихшы және философ Томас Карлейль дүниеге келді;1943 жылы кеңестік гимнастшы, Олимпиада чемпионы (1964) Елена Волчетская өмірге келді. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері. КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы;1982 жылы аяқ-қолы жоқ мотиватор, жазушы, меценат, әнші австралиялық Ник Вуйчич туды.4 желтоқсанда Қазақстанда кімдер туды1946 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген мемлекеттік қайраткері Олег Дымов өмірге келді;1962 жылы Қазақстанның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Исабаев дүниеге келді;1975 жылы "Хабар" агенттігі" АҚ-ны басқарған Алмагүл Ахметжанова туды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1209/09/12090944_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_8e2eb5f4ddd8b759bae6d61208417c21.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
танымал есімдер, қызықты деректер, танымал тұлғалар, бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
танымал есімдер, қызықты деректер, танымал тұлғалар, бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 4 желтоқсан
4 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
4 желтоқсанда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін балалардың сүйікті мерекелерінің бірі – Аяз атаға сыйлыққа тапсырыс беру күні. Бұл күні тілалғыш және тәрбиелі балалар ертегі кейіпкеріне хат жазып, Жаңа жылға қандай сыйлық алғысы келетінін айтады. Балақайлардың көбі Аяз атаның барына сенеді. Алайда есейіп, ержеткенде мұның тек ертегі екенін түсінеді. Десе де, әр үйде Аяз атаның көмекшілері бар, олар әке мен шеше, басқа да туысқандар. Бұл жандар жаңа жыл түні жақындағанда Аяз атаның кейпіне еніп, кішкентайларды қуантуға тырысады.
4 желтоқсанға тұспа-тұс келген тағы бір керемет мереке – Халықаралық құшақтасу күні. Бүгін қалаған адамыңызды еш себепсіз құшақтауға болады. Тіпті бір кездері Ұлыбританияда құшақтасуден рекорд орнатылған. Ерекше байқау кезінде алты жұп 24 сағат және 44 минут бойы құшақтасқан еді.
Бұған қоса, бүгін Ресейде бейресми түрде Информатика күні аталып өтеді. 1948 жылы КСРО-да дәл осы күні Брук пен Рамеев ойлап тапқан сандық электронды есептеуіш машинасы тіркелді.
4 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар
1674 жылы француз иезуиттері Чикагоның негізін қалады;
1707 жылы Мәскеуде Н.Н.Бурденко атындағы бас әскери клиникалық госпиталінің негізі қаланды;
1946 жылы АЗЛК зауытында алғашқы "Москвич-400" маркалы жеңіл автокөлігі шығарылды;
1948 жылы КСРО-да сандық электронды есептеуіш машина патенттелді.
4 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1996 жылы Ақмола аграрлық университетіне белгілі жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфулиннің есімі берілді;
2005 жылы Қазақстан президентінің сайлауы өтті;
2012 жылы Астанада жаңа электровоз жасау зауыты ашылды.
4 желтоқсанда әлемде туған танымал тұлғалар
1795 жылы британиялық жазушы, публицист, тарихшы және философ Томас Карлейль дүниеге келді;
1943 жылы кеңестік гимнастшы, Олимпиада чемпионы (1964) Елена Волчетская өмірге келді. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері. КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы;
1982 жылы аяқ-қолы жоқ мотиватор, жазушы, меценат, әнші австралиялық Ник Вуйчич туды.
4 желтоқсанда Қазақстанда кімдер туды
1946 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген мемлекеттік қайраткері Олег Дымов өмірге келді;
1962 жылы Қазақстанның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Исабаев дүниеге келді;
1975 жылы "Хабар" агенттігі" АҚ-ны басқарған Алмагүл Ахметжанова туды.