https://sputnik.kz/20251204/astanada-kopqabatty-uydin-kirpishterdi-qulap-zhatyr-akimdik-ne-deydi-59349180.html
Астанада көпқабатты үйдің кірпіштерді құлап жатыр: әкімдік не дейді
Астанада көпқабатты үйдің кірпіштерді құлап жатыр: әкімдік не дейді
Sputnik Қазақстан
Мамандар апатты-құтқару жұмыстарын жүргізді 04.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-04T16:03+0500
2025-12-04T16:03+0500
2025-12-04T16:05+0500
астана
кірпіш
көпқабатты тұрғын үй
https://sputnik.kz/img/786/88/7868849_0:113:3500:2082_1920x0_80_0_0_97e82c56e5db7b047b383c1296d4c086.jpg
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде кірпіштер құлады. Қалалық әкімдік Sputnik Қазақстан тілшісіне мән-жайды түсіндірді.Құлаған кірпіштердің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Оқиға Байқоңыр ауданында болған. Әкімдік аудандық төтенше жағдайлар мамандарымен бірлесіп тұрғын үйдің қасбетіне тексеру жүргізіп, құлайын деп тұрған кірпіштерді тауып алған.Көпқабатты үйдің қауіпті деген қаптамалары бөлшектелген."Нысанның қауіпті деген қаптамалары алынып, құлау қаупі толығымен жойылды. Аумақ қауіпсіз күйге келтірілді, нысан одан әрі бақылау және қалпына келтіру үшін қызмет көрсету ұйымына берілді", - дейді ведомстводағылар.Әкімдіктің мәліметінше, жағдай тұрақты, тұрғындарға еш қауіп төніп тұрған жоқ.
https://sputnik.kz/20251108/astanada-uydin-syrtqy-qaptamasy-men-konditsioner-qulady--bes-adam-zardap-shekti--58575542.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/786/88/7868849_287:0:3214:2195_1920x0_80_0_0_af175659e1a0b1d3fd31e45f5f39ae69.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, кірпіш, көпқабатты тұрғын үй
астана, кірпіш, көпқабатты тұрғын үй
Астанада көпқабатты үйдің кірпіштерді құлап жатыр: әкімдік не дейді
16:03 04.12.2025 (жаңартылды: 16:05 04.12.2025) Мамандар апатты-құтқару жұмыстарын жүргізді
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде кірпіштер құлады. Қалалық әкімдік
Sputnik Қазақстан тілшісіне мән-жайды түсіндірді.
Құлаған кірпіштердің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Оқиға Байқоңыр ауданында болған. Әкімдік аудандық төтенше жағдайлар мамандарымен бірлесіп тұрғын үйдің қасбетіне тексеру жүргізіп, құлайын деп тұрған кірпіштерді тауып алған.
"2, 9 және 10 қабаттарда құлауы мүмкін кірпіш қаптамалары табылды. Оқиға орнына ТЖД құтқарушыларынан 10 адам және 2 техника, полиция, жедел жәрдем және "Нурмпус" мүлік иелерінің бірлестігі өкілдері келді. Мамандар апатты-құтқару жұмыстарын жүргізді", - дейді Астана қалалық әкімдігі.
Көпқабатты үйдің қауіпті деген қаптамалары бөлшектелген.
"Нысанның қауіпті деген қаптамалары алынып, құлау қаупі толығымен жойылды. Аумақ қауіпсіз күйге келтірілді, нысан одан әрі бақылау және қалпына келтіру үшін қызмет көрсету ұйымына берілді", - дейді ведомстводағылар.
Әкімдіктің мәліметінше, жағдай тұрақты, тұрғындарға еш қауіп төніп тұрған жоқ.