https://sputnik.kz/20251203/putin-kremlde-tramptyn-arnayy-okilin-qabyldady-59302673.html
Путин Кремльде Трамптың арнайы өкілін қабылдады
Путин Кремльде Трамптың арнайы өкілін қабылдады
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Путин АҚШ-тың Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі жоспарын Мәскеу жан-жақты талқылауға дайын екенін хабарлаған еді 03.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-03T08:33+0500
2025-12-03T08:33+0500
2025-12-03T08:34+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/09/0d/57044093_0:0:2942:1654_1920x0_80_0_0_0d961d31ec30589b6e8056e7515b125c.jpg
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффты Кремльде қабылдады, деп хабарлайды РИА Новости.Уиткоффтың бұл – биылғы Ресейге алтыншы сапары. АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі биыл 11 ақпанда және 13 наурызда Мәскеуге келген, ал сәуірде екі рет барған: 11 сәуірде Санкт-Петербургте Путинмен кездессе, 25 сәуірде Мәскеуге келген. Бұл кездесулердің бәрі Украина мәселесіне қатысты болды.Соңғы рет олар 6 тамызда кездескен. Ол кезде Кремль Уиткоффтың сапары нәтижелі әрі жемісті өткенін атап өткен еді. Тараптар Ресей мен АҚШ арасындағы Аляскадағы саммитті дайындауға мүмкіндік берген ақпараттармен бөліскен. Трамптың арнайы өкілінің қазіргі сапары АҚШ-тың Украина бойынша бейбіт жоспарын талқылау процесімен байланысты.
https://sputnik.kz/20251201/aqsh-tyn-ukrainaga-qysym-zhasauy-euroodaq-muddesine-say-emes---kallas-59271287.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/0d/57044093_100:0:2831:2048_1920x0_80_0_0_00729f89d697839bb8e175e33969ca18.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Путин Кремльде Трамптың арнайы өкілін қабылдады
08:33 03.12.2025 (жаңартылды: 08:34 03.12.2025) Бұған дейін Путин АҚШ-тың Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі жоспарын Мәскеу жан-жақты талқылауға дайын екенін хабарлаған еді
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффты Кремльде қабылдады, деп хабарлайды
РИА Новости. Уиткоффтың бұл – биылғы Ресейге алтыншы сапары. АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі биыл 11 ақпанда және 13 наурызда Мәскеуге келген, ал сәуірде екі рет барған: 11 сәуірде Санкт-Петербургте Путинмен кездессе, 25 сәуірде Мәскеуге келген. Бұл кездесулердің бәрі Украина мәселесіне қатысты болды.
Соңғы рет олар 6 тамызда кездескен. Ол кезде Кремль Уиткоффтың сапары нәтижелі әрі жемісті өткенін атап өткен еді. Тараптар Ресей мен АҚШ арасындағы Аляскадағы саммитті дайындауға мүмкіндік берген ақпараттармен бөліскен. Трамптың арнайы өкілінің қазіргі сапары АҚШ-тың Украина бойынша бейбіт жоспарын талқылау процесімен байланысты.