https://sputnik.kz/20251203/niqab-kigender-ayyppul-toleydi-mazhilis-zandy-ekinshi-oqylymda-qabyldady-59321573.html
Ниқаб кигендер айыппұл төлейді: мәжіліс заңды екінші оқылымда қабылдады
Ниқаб кигендер айыппұл төлейді: мәжіліс заңды екінші оқылымда қабылдады
Sputnik Қазақстан
Мәжіліс "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" жаңа бірыңғай заңды екінші оқылымда қабылдады 03.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-03T15:43+0500
2025-12-03T15:43+0500
2025-12-03T15:44+0500
мәжіліс
айыппұл
заң
https://sputnik.kz/img/632/76/6327643_17:0:1263:701_1920x0_80_0_0_f47abe6e0efacec015b5d1415df63799.jpg
АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Мәжіліс Қазақстанда бетті жауып тұратын және оны тануға кедергі келтіретін киім (ниқаб) кигені үшін жауапкершілік енгізіліп жатқанын хабарлады.Бірінші рет жасалған құқық бұзушылық үшін ескерту жасалады, ал қайталанған құқық бұзушылық үшін 10 АЕК (2025 жылы ол 3 932 теңгені құрайды) көлемінде айыппұл салынады.Сонымен қатар, палата екінші оқылымда қабылдаған "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" заң жобасында заңға қайшы контентті жариялағаны және таратқаны және құқық бұзушылық себептерін жою бойынша мемлекеттік органдардың нұсқауларын қасақана орындамағаны үшін жазалар көзделген.Құжат алдын алуға жататын субъектілердің тізімін екі есеге арттырады: бұрын ол 13 болса, қазір 26 болады, деп хабарлады парламенттегілер.Құжатта мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен жергілікті атқарушы органдардың табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша азаматтық қорғаныс шараларын сақтамағаны үшін жаңа жауапкершілікті енгізетін түзетулер де қамтылған.Осы бапқа сәйкес енді ТЖМ қызметкерлері тәртіп бұзушыларды ұстауға құқылы.
https://sputnik.kz/20251126/mazhilis-qurylys-kodeksin-maquldady-59128775.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/632/76/6327643_173:0:1108:701_1920x0_80_0_0_ed1728ac3735a83a2cf77d728e4bb888.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәжіліс, айыппұл, заң
Ниқаб кигендер айыппұл төлейді: мәжіліс заңды екінші оқылымда қабылдады
15:43 03.12.2025 (жаңартылды: 15:44 03.12.2025) Мәжіліс "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" жаңа бірыңғай заңды екінші оқылымда қабылдады
АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Мәжіліс Қазақстанда бетті жауып тұратын және оны тануға кедергі келтіретін киім (ниқаб) кигені үшін жауапкершілік енгізіліп жатқанын хабарлады.
Бірінші рет жасалған құқық бұзушылық үшін ескерту жасалады, ал қайталанған құқық бұзушылық үшін 10 АЕК (2025 жылы ол 3 932 теңгені құрайды) көлемінде айыппұл салынады.
Сонымен қатар, палата екінші оқылымда қабылдаған "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" заң жобасында заңға қайшы контентті жариялағаны және таратқаны және құқық бұзушылық себептерін жою бойынша мемлекеттік органдардың нұсқауларын қасақана орындамағаны үшін жазалар көзделген.
Құжат алдын алуға жататын субъектілердің тізімін екі есеге арттырады: бұрын ол 13 болса, қазір 26 болады, деп хабарлады парламенттегілер.
"Оған қосымша отбасын қолдау орталықтары, мобильді топтар, қамқоршылық агенттіктері, БАҚ, жастар істері жөніндегі құрылымдар, уәкілетті органдар және кәсіпкерлер кіреді", - делінген мәлімдемеде.
Құжатта мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен жергілікті атқарушы органдардың табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша азаматтық қорғаныс шараларын сақтамағаны үшін жаңа жауапкершілікті енгізетін түзетулер де қамтылған.
Осы бапқа сәйкес енді ТЖМ қызметкерлері тәртіп бұзушыларды ұстауға құқылы.