https://sputnik.kz/20251203/mangystauda-kompaniya-basshylygy-azamattardyn-303-mln-tengesin-zansyz-tartqan-59313851.html
Маңғыстауда компания басшылығы азаматтардың 303 млн теңгесін заңсыз тартқан
Маңғыстауда компания басшылығы азаматтардың 303 млн теңгесін заңсыз тартқан
Sputnik Қазақстан
23 азаматпен жалған алдын-ала сатып алу-сату шарттары жасалған 03.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-03T12:31+0500
2025-12-03T12:31+0500
2025-12-03T12:31+0500
маңғыстау облысы
үлескерлер
компания
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744823_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_6194a1b0efdb005e603a0a12252ea175.jpg
АЛМАТЫ, 3 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстау облысында "Өзен көлік құрастыру зауыты" ЖШС басшылығына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.Мекеме басшылығына азаматтардың қаражатын үлескерлік құрылыс ретінде заңсыз тартты деген айып тағылған.Азаматтардың қаражатын тарту мақсатында түрлі интернет-ресурстарда пәтерлердің нарықтан төмен бағамен сатылатыны туралы жарнама орналастырылған.Тұрғын үй құрылысы аяқталмаған. Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі мүлікке – тұрғын үй, пәтер, 2 автокөлік және 3 жер учаскесіне тыйым салынды.Күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылды.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744823_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_41ac3faec17649d0bf9a072c566bc746.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, үлескерлер, компания
маңғыстау облысы, үлескерлер, компания
Маңғыстауда компания басшылығы азаматтардың 303 млн теңгесін заңсыз тартқан
23 азаматпен жалған алдын-ала сатып алу-сату шарттары жасалған
АЛМАТЫ, 3 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстау облысында "Өзен көлік құрастыру зауыты" ЖШС басшылығына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Мекеме басшылығына азаматтардың қаражатын үлескерлік құрылыс ретінде заңсыз тартты деген айып тағылған.
"Екі жыл бойы компания басшылығы Жаңаөзен қаласында "Astana Rich Village" тұрғын үй кешенінің құрылысын қажетті рұқсат құжаттарынсыз, жобалық-сметалық құжаттамасыз, мемлекеттік сараптама мен авторлық қадағалаусыз жүргізген", - дейді агенттік.
Азаматтардың қаражатын тарту мақсатында түрлі интернет-ресурстарда пәтерлердің нарықтан төмен бағамен сатылатыны туралы жарнама орналастырылған.
"23 азаматпен жалған алдын-ала сатып алу-сату шарттары жасалған. Заңсыз тартылған қаражаттың жалпы көлемі 303 млн теңгеден асты. Түскен ақша құрылыс материалдарын сатып алғандай көрініс жасап, кәсіпорын кассасынан қолма-қол ақшаға айналдырылып, шын мәнінде жеке қажеттіліктерге жұмсалған", - дейді ведомство.
Тұрғын үй құрылысы аяқталмаған. Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі мүлікке – тұрғын үй, пәтер, 2 автокөлік және 3 жер учаскесіне тыйым салынды.
Күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылды.